Алматының орталық бөлігіндегі бірнеше тұрғын үй бір тәулікке суық судан ажыратылады, деп хабарлайды "Алматы су" баспасөз қызметі. 

Суды технологиялық жабдықтарды ауыстыруға байланысты өшіреді.

10 тамызда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін мына аумақтарда су болмайды:

  • Бостандық ауданы: Байтұрсынов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев көшелерінің контурында;
  • Алмалы ауданында: Абылай хан – Гоголь – Назарбаев – Абай көшелерінің контурында;
  • Медеу ауданында: Назарбаев – Гоголь – Төлебаев – Абай көшелерінің контурында.
  • Компания уақытша қолайсыздық туындағанына түсіністікпен қарауды сұрайды.

Оқи отырыңыз: Мұғалім, медбике, көлік жүргізуші: Шілде айында қай мамандарға ең жоғары жалақы ұсынылды?