Қазақстандықтар биыл жаңа тұрғын үй бағдарламасымен баспаналы бола алады. "9-20-25" тұрғын үй бағдарламасы 1 наурыздан бастап іске қосылады.

Информбюро порталы осы және өзге де тұрғын үй бағдарламаларына шолу әзірледі. Шолудың толық нұсқасымен төмендегі материалдан таныса аласыздар:


Информбюро шолуы: "9-20-25", "7-20-25", "Жас отбасы": 2024 жылы ипотекамен қалай пәтер алуға болады?


Ал "9-20-25" тұрғын үй бағдарламасының негізгі шарттары келесідей: 

  • Бағдарламаның пайыздық мөлшерлемесі – 9%;
  • Бастапқы жарна 20 пайыз не одан жоғары; 
  • Сатып алынғалы отырған үй кепілге қойылады;
  • Қарызды өтеу мерзімі – 25 жыл;
  • Бағдарламаға соңғы 5 жылда баспанасы болмаған жандар қатыса алады;
  • Бағдарламада негізінен жұмыс істейтін жастарға басымдық беріледі;
  • Несиені тек дайын үйге емес, "Қазақстан тұрғын үй компаниясының" кепілдігі бар, салынып жатқан үйлерге де рәсімдеуге болады. 

"9-20-25" тұрғын үй бағдарламасымен 8 мың адам баспаналы болады деп жоспарланып отыр.