Бұл бағдарламамен 8 мың адам баспаналы болады деп жоспарланып отыр.
Қазақстандықтар биыл жаңа тұрғын үй бағдарламасымен баспаналы бола алады. "9-20-25" тұрғын үй бағдарламасы 1 наурыздан бастап іске қосылады.
Информбюро порталы осы және өзге де тұрғын үй бағдарламаларына шолу әзірледі. Шолудың толық нұсқасымен төмендегі материалдан таныса аласыздар:
Информбюро шолуы: "9-20-25", "7-20-25", "Жас отбасы": 2024 жылы ипотекамен қалай пәтер алуға болады?
Ал "9-20-25" тұрғын үй бағдарламасының негізгі шарттары келесідей:
- Бағдарламаның пайыздық мөлшерлемесі – 9%;
- Бастапқы жарна 20 пайыз не одан жоғары;
- Сатып алынғалы отырған үй кепілге қойылады;
- Қарызды өтеу мерзімі – 25 жыл;
- Бағдарламаға соңғы 5 жылда баспанасы болмаған жандар қатыса алады;
- Бағдарламада негізінен жұмыс істейтін жастарға басымдық беріледі;
- Несиені тек дайын үйге емес, "Қазақстан тұрғын үй компаниясының" кепілдігі бар, салынып жатқан үйлерге де рәсімдеуге болады.
"9-20-25" тұрғын үй бағдарламасымен 8 мың адам баспаналы болады деп жоспарланып отыр.