Мүгедек балаға күтім жасау уақыты зейнет өтіліне есептеле ме?
Дегенмен, заңгерлердің түсіндіруінше, кей жағдайларда қамқоршылардың ерекше балаға күтім жасаған жылдарын сот арқылы дәлелдеу қажет болуы мүмкін.
"Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңда бұл туралы былай делінген (13-бап, 7-тармақша):
"Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшiн еңбек өтілін есептеу кезiнде мыналар есепке алынады:
(...) 7) 16 жасқа дейiнгi мүгедек баланы бағып-күткен уақыт".
Оқи отырыңыз: Ерлі-зайыпты ажырасса, мүгедек баланың емі мен күтімін кім төлейді? Заңгер кеңесі
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қалалық департаментінің бөлім басшысы Әнуар Ілеспаев та ерекше балаға күтім жасаған жылдар зейнет өтіліне есептелуге жататынын нақтылады.
Бұл тәртіп Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидалары былай деп көрсетілген (5-тармақ, 2-тармақша):
"...өтініш берушінің еңбек өтілін растайтын құжаттар:
(...) 16 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі".