"Мерейлі отбасы" ұлттық байқауына 2700-ден астам өтінім қабылданды
Өтінімдердің басым бөлігі Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан түскен.Еліміздің өңірлерінде "Мерейлі отбасы" Ұлттық байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау аяқталды, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Биылғы жаңа ережелерге сәйкес, өтінімдерін тек отбасылардың өздері ғана емес, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдары, еңбек ұжымдары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ҮЕҰ және басқа да заңды тұлғалар берді.
Барлығы 2768 өтінім қабылданса, оның ішінде отбасылардан 1 692, заңды тұлғалардан 1 076 келіп түсті. Ең көп өтінім берген үш өңір:
- Алматы қаласы – 454:
- Шығыс Қазақстан облысы – 232;
- Қарағанды облысы – 223.
Оқи отырыңыз: Толық емес отбасыларға қандай көмек көрсетіледі? Өзекті 15 сұраққа жауап
"Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының лауреаты атағы қыркүйек айында Отбасы күні қарсаңында Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 17 үздік отбасыға беріледі. Бұрын республикалық деңгейде бір ғана отбасы жеңіске жеткен. Биылдан бастап өңірлік деңгейде жеңімпаз атанған барлық 17 отбасыға конкурс лауреаты атағы беріліп, тең марапаттар беріледі.
Байқауды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылдың желтоқсанында бекіткен болатын. Осы уақыт ішінде "Мерейлі отбасыға" 15 мыңнан астам отбасы қатысты.