Мұғалімдерді артық жұмысқа тартқандарға 300 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Жаңалықтарға шолу
Тоқаев Үкіметке имидждік негізсіз шығындарды қысқартуды тапсырды
Бюджетті жоспарлау мәселелері жөніндегі жиында мемлекет басшысына республикалық бюджеттің алдағы үш жылға арналған жобасының негізгі көрсеткіштері баяндалды.
Қ.Тоқаев бюджетті жоспарлаудың барлық кезеңдерінде шығыстарды оңтайландыруға, Есеп комитетімен өзара тығыз ықпалдастық орнатуға, сондай-ақ имидждік және консалтингтік негізсіз шығындарды қысқартуға шақырды. Үкіметке бюджет үдерісін бақылауды күшейтуді тапсырды. Президенттің пікірінше, бюджет әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан барынша тиімді әрі маңызды жобаларды қаржыландыруы тиіс.
30-31 тамызда Алматының бірқатар көшелерінде жол жабылады
Бұл күндері Алатау баурайында халықаралық Tour of Almaty-2019 веложарысы өтеді. Екі жыл бұрын жарыс көпкүндік мәртебесін алған болатын. Осы жазда жарыс екі кезеңге бөлініп, екі күн өткізіледі. Шараның бірінші кезеңі Индустриалды парктің аумағында өтеді. Ұйымдастырушылар мұны қаладағы қозғалыстың шектелуді барынша азайтады деп отыр. 30 тамыз жарыс сағат 12:00-де "Алматы Аренадан" басталады.
Веоошабандоздар солтүстік бағытта Момышұлы көшесімен, эко-бекетке дейін барады. Мүнда көлік қозғалысы 11:45-тен 12:15-ке дейін шектеледі. Осы жерден бұрылып, Индустриалды парк аумағына кіреді. Мұнла 7 айналым жасағагша шамамен сағат 15:00-ге дейін болады.Соңғы айналым аяқталғаннан кейін велеспедшілер Момышұлы, Мөңке би, Универсиада көшелерімен "Алматы Аренаға" қайта оралады. Аталған көшелерде көлік қозғалысы 14:15-15:15 уақыт аралығында шектеледі. Жүргізушілерге солтүстік айналма жолмен жүруге кеңес береді. 31-тамыз күні сағат 11:00-ден 15:30-ға дейін өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына осы уақыт аралығында Құлжа трактісі, Назарбаев даңғылы, Сейфуллин даңғылы және Жароков көшелерімен жүруге кеңес береді.
Шымкентте медициналық қалдықтарды ашық алаңда өртеген компанияға айыппұл салынды
Шымкент қалалық Экология департаменті рұқсат етілмеген жерде медициналық қалдықтарды өртеу фактісі бойынша "Эколайф Астана" ЖШС-ға қатысты ҚР экологиялық заңнама талаптарының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізді. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева хабарлады. Тексеру нәтижесі бойынша "Эколайф Астана" ЖШС бұрынғы асфальт зауыты мен Жібек жолы көшесі 66/9 мекен жайдағы өнеркәсіп аймағы аумағындағы ашық жерде медициналық қалдықтарды рұқсатсыз өртеу фактісі бойынша ҚР Әкімшілік бұзушылық кодексінің 328 және 332-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Мемлекеттік сатып алулар туралы заң талаптарына сәйкес тапсырыс беруші тарапынан Сарыағаш ауданы мен Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік келісімшартты тоқтату туралы хабарлама жіберіліпті. Бұған қоса, аталған факті бойынша Шымкент қаласы Абай аудандық ішкі істер бөлімі тарапынан қылмыстық істің қозғалғаны белгілі болды.
Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары 10 жылға сотталды
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, С.Аманғалиевке ірі көлемде пара алды деген айып тағылып отыр. Сот шешімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылған экс-шенеунік жазасын қауіпсіздік деңгейі төмен колонияда өтейді.
Бұған қоса ол өмір бойына мемлекеттік қызметте, мемлекеттік органдарда және мемлекеттік компанияларда, екінші деңгейдегі банктерде жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Есіл жағасынан 5 Камаз қоқыс жиналды
#TazaQazaqstan науқанына қатысқан "Астана су арнасы" кәсіпорнының 100-ден астам қызметкері Астанадағы Есіл өзенінің бойына сенбілікке шықты. Екі сағатта олар осы аймақтан 5 Камаз қоқыс қалдықтарын жинаған.
#TazaQazaqstan науқаны 20-шы шілдеде басталды. Үкімет мүшелері бұған дейін Қоянды су қоймасының жағасын қоқыстан тазалағаны туралы хабарланған болатын.
Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсімі 5 жылда 4,4%-ды құрайды
ҚР Ұлттық экономика министрі Р.Дәленов осылай деп мәлімдеді.
– Болжам мен бюджет параметрлерні қалыптастыру үшін базалық сценарий негізге алынды. Ол мұнай бағасын 55 доллар көлемінде көздейді. Жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2020 жылы 4,1 пайыз деңгейінде болжанып отыр. 2024 жылы ол 4,7 пайызға жетеді. Орташа жылдық өсу қарқыны 5 жылда 4,4 пайызды құрайды, – деді министр.
Ведомтво басшысының сөзіне сенсек, мұнай өндіру көлемі 2020 жылы 90 миллион тоннаға, 2024 жылы 100 миллион тоннаға дейін өседі. Өндірудің өсуі Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарын кеңейту, сондай-ақ Теңіздегі кен орындарын пайдалануға беру есебінен болады. Номиналды жалпы ішкі өнім 2020 жылы 75 триллион теңгені, ал 2024 жылы 106 триллион теңгені құрайды. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2020 жылы 10,5 мың долларды құраса, 2024 жылы ол 14,3 мың долларына дейін ұлғаяды.
Мұғалімдерді артық жұмысқа тартқандарға 120 АЕК айыппұл салынады
"Педагог мәртебесі туралы" заң жобасына сәйкес мұғалімнің кәсіби функциларына кірмейтін міндеттерді жүктеуге, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салынатын болады. Заң жобасында құқық бұзушылық субъектісіне байланысты мұғалімдерді өзінің функцияналды міндетіне тә емес жұмыстарға жеккені үшін және артық есеп беруге тартқаны үшін 20-дан 120 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Құжатта сондай-ақ мұғалімдердің жалақысын арттыруға, еңбек демалысын 56 күнге дейін көбейтуге, педагогикалық шеберлік, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеуге бағытталған шаралар көзделеді.
Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі А.Мәмин Білім және ғылым министрлігі әзірлеген "Педагог мәртебесі" туралы заң жобасын көзделген міндеттерге сәйкес келеді деп мәлімдеді. Үкімет басшысы Білім және ғылым министрлігіне 1 қыркүйекке дейін заң жобасын Парламент мәжілісіне енгізуге тапсырма берді.
Қазақстандық БАҚ не жазды:
Inform.kz: Қазақстанда "Қайырымдылық керуені" байқауы басталды. Бүкіл Қазақстан аумағын қамтитын "Қайырымдылық керуені ІІ" байқауы биыл 2 қыркүйекте бастау алады. 29 қарашаға дейін жалғасатын конкурс 5 аталым бойынша үздіктерді анықтамақ. Атап айтқанда, "Асар", "Туған жер", "Қайырымдылық тарихы", "Мейірім жолында", "Батыл жүрек" аталымдары бойынша әуелі әр облыстың үздіктері анықталып, кейін олардың арасынан республикалық кезеңнің жеңімпаздары іріктелмек.
Sputniknews.kz: Ғалым сарысудың адам денсаулығына қандай пайдасы бар екенін айтты. Нұр-Мүбарак университетінің доценті, этнограф Досымбек Қатранұлының айтуынша, сарысу – сүттен ірімшікті ажыратып, бөліп алғаннан кейін қалатын қалдық өнім. Оның құрамында холин, биотин, В тобының, А, Е, С дәрумендері және кальций, магний кездеседі. Сонымен қатар сарысу лактозадан тұрады. Ол артық майдың жиналуына жол бермейді әрі асқазан-ішек жолдарының жұмысын реттеуге септігін тигізеді. Шаш түсіп тоқтамаған кезде де сарысу жағатын болған. Нәтижесінде шаштың түсуі тоқтап, оған өң кірген. Сондай-ақ сарысуды малдың терісін жұмсартуға, тері илеуге қолданған.