Ұлттық банк "Баспана хит" бағдарламасының шарттарын өзгертті
Енді "Баспана хит" бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға болады, деп хабарлады Қазақстанның тұрақтылық қорының баспасөз қызметі.
Ұлттық Банктің қаулысында:
- алғашқы нарықта сатып алынатын тұрғын үйдің шекті құнын Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 25 миллион теңгеден 35 миллион теңгеге дейін арттыру;
- Шымкенттегі бастапқы және екінші нарықтардағы сатып алынатын тұрғын үйдің шекті құнын 25 миллион теңгеге, Қарағандыда 20 миллион теңгеге дейін арттыру;
- үлестік қатысу шеңберінде салынып жатқан тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі. Бұл бағытта несиелеу ҚР "Тұрғын үй құрылысына ортақ қатысу туралы" заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Бағдарлама бойынша лимиттің ұлғаюы қазірдің өзінде күшіне енгендігі және үлестік қатысу шеңберінде салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға несие беруді бастау үшін бағдарлама операторы серіктес банктермен бірге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқандығы атап өтілді. Осы бағытта несиелеудің басталғаны туралы қосымша хабарланады.
Оқи отырыңыз: Тұрғын үй бағдарламалары көбейді. Биыл баспаналы болудың 11 мүмкіндігі
"Баспана хит" бағдарламасының шарттары бойынша жылдық номиналды сыйақы мөлшерлемесінің көлемі "базалық ставка + 175 базистік ұпай" формуласы бойынша банктік заем шарты жасалған күні анықталады және оны несие мерзімі ішінде өзгерту мүмкін емес. Бастапқы төлем – 20% -дан, несие мерзімі – 15 жылға дейін. Бастапқы тұрғын үйден басқа сіз "Баспана хит" көмегімен екінші нарықта баспана сатып ала аласыз, сонымен қатар баспанаңыздың болуы немесе болмауына қарамайды.
Оқи отырыңыз: Тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болады? Нұсқаулық
Бағдарлама бойынша 26 қазандағы жағдайға сәйкес 388,1 млрд теңгеге 44228 өтінім мақұлданды, 306,8 млрд теңгеге 35 769 несие берілді.