Күйзелісті жеңудің дұрыс немесе бұрыс әдістері болмайтындықтан оны әр адам әртүрлі әдістермен жеңеді. Қазіргі коронавирус пандемиясы жағдайында қорқыныштан арылып, жан тыныштығын сақтаудың бірнеше әдісі бар. Бұл орайда ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мамандары мынандай кеңестер береді:

  • Жақсы ойлауға тырысыңыз. Жағымды ойларға және естеліктерге көбірек назар аударған маңызды.
  • Көңіліңізді басқа нәрселерге аударыңыз. Жағымсыз ойлардан аулақ болып, көңілді қуанышты оқиғаларға, естеліктерге аударған абзал.
  • Өзіңізді ненің қуанта алатыныңызды байқаңыз. Теріс эмоциялардан арылыңыз. Жағымсыз эмоциялар күйзелісті күшейтіп, депрессияға әкелуі мүмкін. Сондықтан оларды сыртқа шығару қажет. Егер сізді немесе отбасыңыздың мүшелерін БАҚ арқылы берілетін репортаждар қатты үрейлендіретін болса, оларды көруге немесе тыңдауға аз ғана уақыт бөлген дұрыс.
  • Ақпарат алуға тырысыңыз. Қауіп-қатерлерді жақсырақ анықтауға және дұрыс сақтық шараларын қабылдауға көмектесетін ақпарат алыңыз. Расталған және сенімді ақпарат көздерін пайдаланыңыз.
  • Салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Өз эмоцияларыңызды басу үшін темекі шекпеңіз және ішімдік ішпеңіз. Егер олардан арыла алмасаңыз, медициналық немесе психологиялық көмекке жүгініңіз. Қай жерге және қалай көмекке жүгінетініңіз туралы жоспарды алдын ала дайындаңыз.
  • Көбірек күліңіз. Күлу – бұл күйзелістің маңызды профилактикасы.
  • Жайбарақаттануға тырысыңыз. Мұндай әдістің пайдасы зор. Барлық дәрігерлер мен психологтар күйзелістің алдын алу үшін күн сайын 10-30 минут ішінде аутогенді жаттығулар жасауға кеңес береді.
  • Ванна қабылдаңыз. Бұл жайбарақаттану үшін керемет әдіс болып табылады. Ванна қабылдау үшін әсіресе эфирлі майларды қолданған өте пайдалы.
  • Сүйікті ісіңізбен айналысыңыз. Жақсы көретін хобби – бұл күйзелістің жақсы профилактикасы. Сондықтан, өзіңізден "не істегенді жақсы көремін?" деп сұраңыз. Мүмкін, сіз өлең жазғанды, тамақ түрлерін дайындағанды немесе психологияны оқып-үйренгенді ұнататын шығарсыз. Сол әуес іспен шұғылдану күйзелісті жеңуге көмектеседі.