Коронавирустың жеңіл түрінде ем жасау дұрыс па? Маман кеңесі
Инфекционист-дәрігер, балалар жұқпалы аурулар кафедрасының доценті Баян Тұрдалина халық арасында кеңінен талқыланып жатқан "коронавирустың жеңіл түрінде антибиотик ішуге, сода және спиртпен ингаляция жасауға бола ма?" деген сұрақтарға жауап берді.
Коронавирустың жеңіл түрінде антибиотик ішуге бола ма?
Егер вирус ықпалы жеңіл дәрежеде болса, ең бірінші күннен бастап антибиотик қолдану мүлде дұрыс емес. Бұл вирус, ал антибиотиктер тек бактерияға әсер етеді. Оның өзінің көрсеткіштері бар, олар клиникалық хаттамада жазылған.
Себебі, антибиотик вирусқа қарсы әсер етпесе де, пайдалы бактериялар мен микроағзаларды жойып, сәйкесінше иммунитетті әлсіретеді. Сөйтіп, адам басқа вирусқа төтеп бере алмай қалады. Антибиотикті қабылдау арқылы өзімізге зиян келтіреміз.
Оқи отырыңыз: Дәрі тапшылығы мен антибиотиктер зияны. Үйде емделушілерге арналған маңызды 18 сұраққа жауап
Сода және спиртпен ингаляция жасау дұрыс па?
Ингаляция жасайтын арнайы аппарат небулайзер деп аталады. Ол төменгі тыныс жолдарына бронхиалды демікпе кезінде оны кеңейтетін препараттарды жеткізуге арналған. Ингаляциялық аппарат қабылдап жатқан сұйықтықты төменгі тыныс жолдарына дейін жібереді.
Құрамында спирті бар қандай да ерітіндіні ингаляциялық аппарат арқылы қабылдау дұрыс емес. Ол өте зиян.
Сілтілі сода арқылы ингаляция жасау да дұрыс емес. Ауыз қуысында дезинфекциялық әсер болу үшін ғана аздап бумен демалуға болады. Дегенмен, буға қарағанда оның ерітіндісімен тамақты шайған дұрыс.