Алматылық экобелсенділер журналистерге арнап "Алматының алма бақтарын әлі де сақтап қалуға болады" атты баспасөз турын өткізді. Тур бұрынғы "Горный гигант" кеңшар аумақтарын, Каменское үстірті мен Ремизовка аудандарын қамтыды. 

Бұл алманың көп кездесе бермейтін сұрпы сақталған бірегей жерлердің бірі. Алайда жердің барлығы жекеменшікке өтіп кеткендіктен, алма бақтары толығымен оталуы мүмкін. Себебі, жекеменшік иелерін алма бағын аман алып қалу мәселесі қызықтырып тұрған жоқ, дейді экобелсенділер.  

Ремизовка шағын ауданы. Фото: Informburo.kz \ Тимур Батыршин

2022 жылдың өзінде Ремизовка шағын ауданының тұрғындары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраған болатын. Араға екі жыл салып экобелсенділер 54,5 гектар бақты қайтарады. 

Алматының жаңадан қабылданған бас жоспары бойынша қаланың балансында 2040 жылға қарай жеке тұрғын үй құрылысына арналған учаскелер мен рекреациялық мақсаттағы аймақтар санының өсуі пайдасына 6500 гектар бақшаны нөлге дейін қысқарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, егер жаңартылған бас жоспарда бау-бақша аумақтарын қысқарту тек 2040 жылға жоспарланған болса, бас жоспар қабылданғаннан кейін бірден бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларында ауылшаруашылық мақсатына бөлінген бір шаршы метр жер жоқ.

Ерлан Сайлыбаев. Фото: Informburo.kz/Тимур Батыршин

Осы орайда "Сенім Адал" қоғамдық бірлестігінің мүшесі, заңгер Ернар Сайлыбаев Алматы тұрғындарынан алма бақтары мәселесіне назар аударуды сұрады. 

"Жұртшылықтан Алматы бақтарының жойылуы мәселесіне назар аударуды сұраймыз. Көз алдымызда бақтар оталып, олардың орнына үйлер салынып жатыр. Біз бақтардың толықтай ауыл шаруашылық айналымына қайтуын сұраймыз. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы апортын жандандыру туралы тапсырмасына құлақ асуымыз керек. Қазір алма бағы жерлерінің барлығы жекеменшікке өтіп, олардың орнына тұрғын үй кешендері салынып жатыр. Бақтарды сақтап қалуымыз керек! Сондай-ақ құрылыс кезінде ағаштарды отап қана қоймай, топырақтың құнарлы қабатын толығымен жоятынын есте сақтауымыз керек", – деді Ерлан Сайлыбаев. 


Оқи отырыңыз: "Тау басында толып жатыр". Алматыда экобелсенділер әуе шарынан бас тартуға шақырды


Экобелсенділердің айтуынша, дәл қазір алма бағының бір бөлігіне коттедж, таунхаус бен көңіл көтеретін орындарға арналған ғимараттар салынған. 

Василиса Қуанышева. Фото: Informburo.kz/Тимур Батыршин

Сондай-ақ осы мәселе бойынша әкімдік пен экология министрлігіне жүгінгенін айтты. Олар шұғыл түрде құрылыс жүргізуге тыйым салатын мараторий енгізуді сұраған.

"Бұл жұмыстардың барлығы экология мен тұрғындардың денсаулығы үшін де аса маңызды. Осы бақтар Алматыны тұманнан қорғайтын жасыл белбеу түзіп тұр. Өкінішке орай, қазір құрылыс белсенді түрде жүріп жатқандықтан, осы қорғаныс қабаты жойылып барады. Жеті жыл бұрын қала бұлай ластанбаған еді, ал қазір қаланы көк түтін басып тұр. Фермерлерге барынша жағдай жасап, мемлекет пен ауылшаруашылығы министрлігі бұл жұмыстарға араласуы керек. Бұл жерде алма бағының гүлдеуі үшін барлық жағдай жасалған. Оның үстіне осы биіктікте алманың иісі де, дәмі де ерекше болады. Егер бұл жерлерді құрылыс компанияларына беретін болсақ, онда бірегей жер қорын жоғалтып аламыз. Құрылыстан кейін топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру үшін ондаған жыл қажет болады. Біз бұл жерлерді тек өзімізге ғана емес, болашақ ұрпақ үшін де сақтап қалатынымызды түсінуіміз керек", – деді Василиса Қуанышева.  

Фото: Informburo.kz \ Тимур Батыршин

Десе де табиғат қорғаушыларының жеңісі де бар. Олар алма бақтарына қауіп төндіріп тұрған "Мечта" атты тұрғын үй кешенінің сүрілуіне қолжеткізген. 


Оқи отырыңыз: Қазақстан, Ресей және Жапонияда қоқыс қалай сұрыпталады