әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Елбасы саябағы" ашылды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне бой түзеген ағаштар аллеясына 300-ге жуық алма, шие, қара өрік ағашы отырғызылды.

Елбасы білім ордасына келген сапарында "Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – жаңа Қазақстанның білімі мен ғылымының алдыңғы шебі" деп атап өтіп, ұлттық университеттерге үлкен үмітпен қарайтынын білдірген еді. Сонымен қатар Тұңғыш Президент республикамыздың басқару жүйесінде отырған білікті мамандар мен талантты ғалымдардың, дарынды педагогтардың үлкен тобы осы киелі шаңырақтан шыңдалып шыққанын баса айтқан. Сол себептен қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Елбасыға айрықша тарту жасау туралы шешім қабылдады.

Ағаш отырғызу жұмыстарына карантиндік талаптарды сақтай отырып, арнайы қызметкерлер жұмылдырылды.

Алдағы уақытта студент жастар үшін жеміс ағаштарын отырғызу және қалашықты көріктендіру мақсатында  барлық ғимараттар мен жатақханалар маңын көріктендіру көзделіп отыр.


Оқи отырыңыз: