АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы бокс кешінде WBA нұсқасы бойынша орта салмақта әлемнің экс-чемпионы Роб Брантпен рингте жұдырықтасты.

Алтыншы раундта Жәнібек қарсыласын нокдаунға түсірді. Ал сегізінші раундтан кейін Роб Брант рингке шығудан бас тартып, қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

Бұл жеңістен кейін қазақстандық спортшы WBO әлем чемпионы титулын қорғауға жақындай түсті.


Оқи отырыңыз: Жәнібек Әлімханұлы: "Бокс маған кәсіп емес, ол – менің өмірім"


"Жеңістеріңіз құтты болсын, Қазақ елі! Аллаға шүкір! Мансабымыздың жаңа белесіне шықтық. Біз мықтымыз. Біздің стиль мықты. Бұйыртса QAZAQ STYLE-ды тарихта қалдырамыз. Қолдауларыңызға көп рақмет!", – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram желісінде.