Тікелей эфир

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Роб Брантпен кездесуде жеңіске жетті

Сурет Берік Сұлтанның facebook парақшасынан алынды. Суретті түсірген Эрик Вердуцко
Сурет Берік Сұлтанның facebook парақшасынан алынды. Суретті түсірген Эрик Вердуцко
Бұл – Жәнібектің оныншы жекпе-жегі және жеңісі.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы бокс кешінде WBA нұсқасы бойынша орта салмақта әлемнің экс-чемпионы Роб Брантпен рингте жұдырықтасты.

Алтыншы раундта Жәнібек қарсыласын нокдаунға түсірді. Ал сегізінші раундтан кейін Роб Брант рингке шығудан бас тартып, қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

Бұл жеңістен кейін қазақстандық спортшы WBO әлем чемпионы титулын қорғауға жақындай түсті.


Оқи отырыңыз: Жәнібек Әлімханұлы: "Бокс маған кәсіп емес, ол – менің өмірім"


"Жеңістеріңіз құтты болсын, Қазақ елі! Аллаға шүкір! Мансабымыздың жаңа белесіне шықтық. Біз мықтымыз. Біздің стиль мықты. Бұйыртса QAZAQ STYLE-ды тарихта қалдырамыз. Қолдауларыңызға көп рақмет!", – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram желісінде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly)

Серіктестер жаңалықтары