AT&T стадионында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде WBC және WBA супер орта салмақтағы чемпионы Сауль Альварес WBO супер орта салмақтағы чемпионы Билли Джо Сондерспен жұдырықтасты, деп хабарлайды Информбюро Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланды. Бірақ сегізінші раундтан кейін британдық боксшы жеңілісін мойындады.

Сондерс өзінің мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Ал "Канело" 56-рет жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Сауль Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен үшінші мәрте рингке шығуға дайын екенін мәлімдеген болатын. Алайда бұл үшін GGG супер орташа салмаққа көтерілуі қажет. 


Оқи отырыңыз: "GGG – қазақстандық феномен". АҚШ-тағы қазақтар Геннадий Головкинді қалай қолдады?