"Қылмыстық істерді электронды форматта тергеу тәжірибесі артып келеді. Өткен жылы қылмыстық істердің 50%-ы осы түрде тергелді, бұл 70%-ды құрайды. Жыл соңына дейін электронды тергеуге 100% көшу жоспарланып отыр", – деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Ол бұл жүйе тергеу мерзімін қысқартатынынан бөлек, бақылау мен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау деңгейін арттыратынына тоқталды.


Оқи отырыңыз: Ішкі істер министрлігінің жабық қорында 172 мың құжат "құпия" белгісімен сақтаулы


"Мен бұл жобаны Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып бастағанын атап өткім келеді", – деп түйіндеді Ерлан Тұрғымбаев. 

Айтуынша, 3 жылдан бері ішкі істер органдарына үлкен реформа жүріп жатыр. Жыл басынан бері елдегі қылмыс 2,5%-ға азайды. Қарақшылық шабуыл – 7%, тонау – 22%, бұзақылық – 26%-ға қысқарды. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы, қоғамдық орындар мен көшелерде және мас күйінде жасалатын қылмыстар саны төмендеген.