FlyArystan 2 мамырдан бастап Қазақстанның үш қаласынан Грузияға рейстер ашады. Билет құны 24 999 теңгеден басталады
Ақтау, Атырау, Нұр-Сұлтан қалаларынан Кутаисиге тікелей рейстер аптасына алты рет орындалады.FlyArystan Грузияға Қазақстанның үш қаласынан билет сатуды бастады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. Тікелей рейстер 2 мамырдан бастап Ақтау, Атырау, Нұр-Сұлтан қалаларын аптасына 6 рет Кутаиси қаласына орындалатын болады.
"Грузияның Кутаиси қаласын таңдауымыз да бекер емес. Ол географиялық тұрғыдан ыңғайлы орналасқан және Тбилисиден гөрі туристтік Батуми мен Қара теңізше әлдеқайда жақын орналасқан. Сәйкесінше қазақстандықтардың өз демалыстарын FlyArystan-мен алдын-ала жоспарлау арқылы, Грузияның дәмі тіл үйірер тағамдарынан дәм татып, күннің сәулесінен ләззат алуға керемет мүмкіндік туғызады деген сенімдіміз. Аталған бағыттағы сапарлар еліміздің 3 қаласы және осы мекеннің көршілес тұрғындарына байланыстырушы рейстер арқылы ұсыналады", – деді қазақстандық лоукостер коммерциялық директоры Жанар Жайлауова.
Оқи отырыңыз: 3 мамырдан бастап Turkish Airlines әуе компаниясы Түркістаннан Ыстанбұлға тұрақты жолаушылар рейстерін ашады
Ақтау-Кутаиси-Ақтау бағыты бойынша рейске билет құны 24 999 теңгеден немесе бір жаққа ұшу үшін 59 доллардан басталады. Тұрақты рейстер сейсенбі және жұма күндері орындалады.
Атыраудан Кутаиси қаласына және кері бағыттағы рейстер аптаның бейсенбі, жексенбі күндері орындалады. Бір бағыт бойынша билет құны 27 999 теңге немесе 66 доллардан басталады.
Ал елордамыздың тұрғындары өз сапарларын аптасына екі рет – сейсенбі мен бейсенбі күндері жоспарлай алады. Билет құны 34 999 теңгеден басталады. Кутаиси қаласынан Нұр-Сұлтанға 83 доллардан бастап ұшу мүмкіндігі бар.