Тікелей эфир

3 мамырдан бастап Turkish Airlines әуе компаниясы Түркістаннан Ыстанбұлға тұрақты жолаушылар рейстерін ашады

informburo.kz суреті
informburo.kz суреті
Түркістан әуежайынан орындалатын халықаралық рейстер саны артады.

Түрік әуе компаниясы Түркістан мен Ыстанбұл қалалары арасында Б-737 әуе кемесімен аптасына 3 тұрақты рейс орындайды. Рейстер сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндерге жоспарланған. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Бұдан басқа, 17 мамырдан бастап отандық лоукост тасымалдаушы Fly Arystan компаниясы Түркістан мен Ыстанбұл қалалары арасында орындалатын рейстер санын аптасына 7-ге дейін (күн сайын) ұлғайтпақ.

Осылайша, биыл мамыр айынан бастап екі қала арасында аптасына 10 тұрақты жолаушылар рейсі орындалады.


Оқи отырыңыз: Түркістаннан алғашқы халықаралық рейс ашылды


Сонымен қатар, Түркістаннан Бішкекке (Қырғызстан), Ташкентке (Өзбекстан) және басқа да бағыттарға жаңа рейстер ашу жоспарда бар. Рейстер санитарлық- эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Серіктестер жаңалықтары