Айдос Сарым: Жамбыл облысындағы әскери қойманы тексерген инспекторлар жауапқа тартылуы тиіс
Саясаттанушы қорғаныс министрінің өз еркімен отставкаға кетуін дұрыс шешім деп есептейді.Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Азаттық тілшісінің сұрағына берген жауабында отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді. "Жарылыстар туралы хабарланған алғашқы минутта отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Оқиға салдары жойылғаннан кейін отставка сұраймын. Шешімді мемлекет басшылығы қабылдайды", – деді ол.
Министрдің отставка сұрауы – дұрыс шешім
Айдос Сарым, саясаттанушы:
Сондай-ақ, апат кесірінен зардап шеккен, мүлкі өртеніп немесе қираған барша азаматтарға өтемақылар төленіп, қираған инфрақұрылым, бизнес, сауда кешендерінің иелеріне көмек көрсетілуі тиіс. Бұның барлығы да – айналып келгенде мемлекеттің тікелей жауапкершілігі, абыройының мәселесі.
Бүгінгі брифингте министр апаттың себептері туралы сөзінде бұл оқиға себебі арнайы диверсия, яғни қолдан қойылған өрт те болуы ықтимал екеніне болжам жасады. Мұны да мұқият зерттеу керек. Керек болса, шетелдік мамандарды, сарапшыларды іске қосу қажет. Өйткені, диверсияның мысалы Еуропа, басқа құрлықтардың елдерінде көп. Әскери қоймалардағы өрт сыртқы күштердің ісі болуы әбден мүмкін.
Ауғанстандағы жағдайдың ушыққанын ескерсек, барша әскери қоймалардың, әсіресе оқ-дәрі сақтайтын орындарды ерекше, айрықша қадағалауға алып, олардың күзетін еселеп күшейтіп, көбейту керек.
Тек министр емес, министрліктің сала мамандары да жауапты
Ерлан Саиров, саясаттанушы:
Одан кейінгі мәселе – біздің сыртқы жағдайымыз өте күрделі болып тұр. Ол – геосаяси, яғни Ауғанстандағы жағдай. Ал осындай жарылыстар еліміздегі қоғамдық қарым-қатынасты шайқалтуға, саяси тұрақтылықты бұзуға алып келуі мүмкін. Сондықтан осы нысандардың барлығын жан-жақты күзетке алу керек. Сосын тек министр емес, министрліктегі осы салаға жауапты мамандардың заң алдындағы міндетін анықтау керек.