Тура бір апта уақыттан соң әр тұрғын өзі таңдаған партиясына және лайық деп таныған ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығы мен әр түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына үміткерлерге дауыс береді.

Еліміз Жаңа жыл мерекесін тойлап болысымен Nur Otan партиясы атынан үміткер ретінде тіркелген кандидаттар өңіріміздің әр аудан, ауылдарын аралап, түрлі форматта тұрғындармен кездесулер өткізуде.

Бүгін Бөкей ордасы ауданынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Исатай Ғабдуллин және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Елубай Насыров, Лариса Қайырғалиева "Канвассинг" шарасы аясында Сайқын ауылы тұрғындарының үйіне барып, кездесу өткізді. 

Тұрғындарға үміткерлер Nur Otan партиясының алдағы бес жылға жоспарлаған сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі жеті басымдықты таныстырып, алға қойылған міндеттерді атап өтті. 

Сонымен қатар, кандидаттар Nur Otan партиясы тарапынан атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып, ауыл-аймақ игілігі үшін жасалатын істер туралы да әңгімеледі. 

Шара соңында үміткерлер отбасы мүшелеріне Nur Otan партиясының сайлауалды үгіт парақшаларын таратып, 10 қаңтар күні өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.