
Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың сайлауы 10 қаңтарда өтеді.
Тура бір апта уақыттан соң әр тұрғын өзі таңдаған партиясына және лайық деп таныған ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығы мен әр түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына үміткерлерге дауыс береді.
Еліміз Жаңа жыл мерекесін тойлап болысымен Nur Otan партиясы атынан үміткер ретінде тіркелген кандидаттар өңіріміздің әр аудан, ауылдарын аралап, түрлі форматта тұрғындармен кездесулер өткізуде.
Бүгін Бөкей ордасы ауданынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Исатай Ғабдуллин және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Елубай Насыров, Лариса Қайырғалиева "Канвассинг" шарасы аясында Сайқын ауылы тұрғындарының үйіне барып, кездесу өткізді.
Тұрғындарға үміткерлер Nur Otan партиясының алдағы бес жылға жоспарлаған сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі жеті басымдықты таныстырып, алға қойылған міндеттерді атап өтті.
Сонымен қатар, кандидаттар Nur Otan партиясы тарапынан атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып, ауыл-аймақ игілігі үшін жасалатын істер туралы да әңгімеледі.
Шара соңында үміткерлер отбасы мүшелеріне Nur Otan партиясының сайлауалды үгіт парақшаларын таратып, 10 қаңтар күні өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды. ☑
Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облысының сайлау қоры қаражатынан төленді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
12024 жылы қажылыққа биылғы 20 желтоқсанға дейін тіркелген азаматтар ғана бара алады
-
241
-
0
-
2
-
-
2💬Мемлекет жастардың мұғалім атануға ұмтылысын әрі қарай да қолдайды – Әлихан Смайылов
-
220
-
0
-
1
-
-
3Көктайғақ: елордада травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді
-
208
-
0
-
0
-
-
4🏦 Санья қаласында (ҚХР) өтіп жатқан ЕАТ 39-пленарлық отырысы аясында «AML Academy» Қаржы мониторингі академиясының басшылығы мен Қырғызстан Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік қаржылық барлау қызметінің Оқу орталығы арасындағы екіжақты кездесу өтті.
-
229
-
0
-
0
-
-
5🚇 Алматы метросына қосымша пойыз қосылады
-
249
-
0
-
0
-
-
6🚀Байқоңырда үш көшеге қазақ батырларының есімі берілді
-
156
-
0
-
6
-
-
7⚡ Пойыздардың 60 қызметкері семейлік “блогер”-бопсалаушыдан зардап шеккен деп танылды
-
136
-
0
-
1
-
-
8📣УЕФА Ұлттар лигасы: Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны 4:1 есебімен ұтты
-
88
-
0
-
0
-
-
9🗣 48 млн теңге алған — Пойыз қызметкерлерін бопсалап келген «блогер» ұсталды
-
33
-
0
-
0
-