7 сәуірде "Теңізшевройл" кәсіпорнының құбырынан улы-сары түтін шығып жатқаны түсірілген видеолар мен фотолар әлеуметтік желіде тарады. Осыған байланысты мекеменің барлық қызметкері эвакуацияланған болатын. Ал экологтардан құрылған арнайы комиссия дереу мекемеде тексеріс жүргізген. Сөйтсе, күндіз КТЖ-2-нің 4-жолындағы С511 қондырғысының жұмысы автоматты бұғаттағыш іске қосылғандықтан тоқтап қалған. Салдарынан ластаушы заттар бар сары түтін түтін мұржа арқылы қоршаған ортаға шығарылған.

"Теңізшевройл" кәсіпорны қазір автоматты бұғаттағыштың іске қосылу себептерін анықтауда. Атырау облысы бойынша экология департаментімен жоғарыда көрсетілген фактілерге қатысты "Теңізшевройл" ЖШС-не жоспардан тыс тексеру тағайындау мәселесі қарастырылуда.