"Жалған вакциналау паспортына қатысты: иә, мұндай жағдай болды. Ақпарат алған бойда мен Алматы әкімдігіне хабарластым. Таңертең бұл мәселені бақылауға алып, күш құрылымдарымен пысықтадық. Күдікті ұсталды", – деді Цой.

Министр медицина қызметкерлерінің мәртебесіне қарамастан олар жауапқа тартылатынын айтты.

"Егер сіздерге осындай жайттар белгілі болса, біз қабылдауға дайынбыз. Жаза өте қатаң болады", – деді министр.

Цой барлық медицина қызметкері қылмыстық жауапкершіліктен хабардар екенін айтты.

"Ақпараттық жүйеде әр доза көрініп тұрады. Егер осындай жағдай бола қалса, оның артынан қылмыстық жаза келеді. Біз мұны ерекше бақылауда ұстап отырмыз", – деді Цой.


Оқи отырыңыз: Алматыда Hayat-Vax вакцинасын сала бастады


 

Сонымен қатар Цой вакциналаудың қарқынының артуына қатысты да пікір білдірді.

"Бірінші компонент кезінде адамдар оның қауіпсіздігі туралы толық білмей, күмәнмен қарады. Уақыт өте келе олар өзге елдің тәжірибесі бойынша вакцина алып жатқанын көрді. Елімізде де вакцинациялау пункттері сауда орталықтарында ашылды. Вакциналарды таңдау еркі берілді. Сол себепті азаматтар кезеңдеп вакцина алуды жаппай жүзеге асырды", – деді ол.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда "Спутник V" екінші компоненті 45-ші күні егіледі