Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі Fitness Park KZ жобасы аясында Қазақстанда дене шынықтыру мұғалімдері арасында спорттық жаттығулар байқауы өткізілетінін хабарлады.  

Конкурсқа қатысушы жаттығулар кешенінің негізгі бөлігін FitnessPark KZ денешынықтыру және спортты дамыту бағдарламасының әдістемелік ұсынымдарына сәйкес сарапшылар әзірлеген бағдарлама элементтерін пайдалана отырып дербес әзірлейді. Бағдарлама және жаттығулар жобаның @fitnesspark_2021 ресми аккаунтында жарияланған. 

Әрі қарай, қатысушы бейнехабарламаны жазып, оны әлеуметтік желілерде #fitnesspark_baikau хэштегімен жариялайды.


Оқи отырыңыз: Абаев: Қазақ күресі мектеп бағдарламасына енгізіледі


Бейнежаттығулар кешені MP4 форматында, сурет пен дыбыстың жақсы сапасымен жазылады. Музыкалық ілеспе әуенге шектеу жоқ.

Бейнероликте байқауға қатысушы өзін таныстырып, қысқаша ақпарат беріп, жаттығулар кешенін көрсетуі тиіс.

"Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін және спорт мектептерінің, ТжКБ мекемелерінің, жоғары оқу орындарының денешынықтыру оқытушылары шақырылады", – делінген хабарламада.

Байқаудың мақсаты – талантты жастарды анықтап, көтермелеу және жастарды бұқаралық спортпен айналысуға тарту.


Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда оқытушы тапшы. Қандай пән мұғаліміне сұраныс көп?


Денешынықтыру оқытушылары арасындағы спорттық жаттығулар конкурсын Ұлттық Дельфий комитеті Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығымен және FitnessPark KZ денешынықтыру және спортты ілгерілету бағдарламасы мен әдістемесін насихаттау мақсатында өткізеді.

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша FitnessPark KZ жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында жүзеге асырылуда.