Каникул кезінде балалардың жұмыспен қамтылуы мен демалысын ұйымдастыру мәселелерін жедел қарау мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды. Олардың қатарында облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары, орынбасарлары, ортақ мемлекеттік органдар өкілдері бар.

"Осы жылдың 1-10 сынып оқушыларының контингенті 3 317 000 баланы құрайды. Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 13 мың сауықтыру лагері мен алаңы дайын. Қала сыртындағы 235 лагерь жыл бойы маусымдық шаралар ұйымдастырды. Қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты 2 млн-нан астам баланы (1-10 сынып оқушыларының 87,5%), оның ішінде 500 мыңнан астам әлеуметтік осал санаттағы балаларды сауықтырумен қамту жоспарланып отыр, – деп түсіндірді БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы Есенғазы Иманғалиев.  

"Министрлік кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың рөлін өңірлік деңгейде нығайту жөніндегі жұмысты жалғастырып келеді. Өңірлерде 2 мыңға жуық психологиялық қызмет жұмыс істейді. Оларға 11 мыңнан астам маман тартылған. Білім беру ұйымдарында және олардың аумақтарында енгізуге тыйым салынатын және пайдалануға шектелген заттардың тізбесі бекітілді", – деді ол.

Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері министрлік мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен әр түрлі деңгейде 5 отырыс қарастырылды.

Комитет төрағасы атағандай, Каникул кезінде балалардың қауіпсіздігі мәселелерін жүйелі ұйымдастыру үшін ҚР Премьер-министрінің "2020-2023 жылдарға арналған каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы" өкімі қабылданды. 2020 жылғы наурызда ҚР Үкіметі 2020-2023 жылдарға арналған бала құқықтарын қорғауын күшейту, тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында суицид мәселелері жөніндегі жол картасын бекітті.