Бауыржан Шүкенов "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Ол республикалық коммерциялық кинопрокаттың негізін қалаушылардың бірі, отандық авторлық киноны ілгерілету және фестиваль қозғалысын қолдау бойынша жұмыс істеген. Ұзақ жылдар бойы "Арман" кино орталығының атқарушы директоры ретінде қызмет етті.

2010 жылы Бауыржан Шүкенов Қазақстанда "Бүгінгі француз киносы" фестивалін өткізудің бастамашысы болды. Unifrance агенттігінің қатысуымен өткізілетін бұл фестиваль бірқатар жарқын тұсаукесерлермен есте қалды және республиканың мәдени өмірінде әрқашан күтілетін шараға айналды. Өзінің кәсіби қызметі үшін Бауыржан Шүкенов жоғары награда – Француз Республикасының "Өнер мен әдебиеттегі еңбегі үшін" орденімен марапатталды.

Бауыржан Шүкенов, сондай-ақ, Батырхан Шүкенов атындағы қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы.


Оқи отырыңыз: