Балаларға екпе салдыру дұрыс па? Маңызды 10 сұраққа жауап береміз
Вакцинацияның арқасында бүгінде А, В вирусты гепатиті, қызамық, қызылша, эпидемиялық паротит аурулары азайды, ал дифтерия соңғы 5 жылда мүлде тіркелмеген.Ел тұрғындарына екпе салу ісі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 156-бабына сәйкес жүргізіледі. Бұл бап ел азаматтары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жұқпалы, паразиттік ауруларға қарсы екпелерді алуға құқылы екенін баяндайды.
Вакцинациялау – адам ағзасына вакцина немесе арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы белгілі бір жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшін қолданылатын әдіс. Ол – жұқпалы ауруларға қарсы қазір медицинаға белгілі ең нәтижелі және экономикалық тиімді қорғаныс.
Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес, балаларға екпе тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымдарда салынады. Бұл күнтізбе балаларды полиомиелит, туберкулез, қызылша, сіреспе, көкжөтел, В вирусты гепатит, А вирусты гепатит, гемофильді инфекция, дифтерия, эпидемиялық паротит сияқты ауруларға қарсы қарсы иммундауды қамтиды.
Перзентханада дүниеге жаңа келген дені сау бала В вирусты гепатитіне және туберкулезге қарсы екпені (БЦЖ) алуы тиіс болса, 1 жасқа дейін полиомиелит, туберкулез, қызылша, күл, сіреспе, көкжөтел, В вирусты гепатит, А вирусты гепатит, гемофильді инфекция, пневмококкқа қарсы екпені алуы керек.
Оқи отырыңыз: Елдің батысы екпеге қарсы. Вакцинацияны міндеттеу кімнің құқығын шектейді?
Ал 6 жаста бала туберкулез (БЦЖ), көкжөтел, сіреспе, дифтерия, қызамыққа, қызылшаға қарсы, эпидемиялық паротит, пневмококқа қарсы екпеге дағдыланады. 16 жаста дифтерия, сіреспеге қарсы екпелер егіледі және әрі қарай әр 10 жыл сайын жүргізіледі. Көпжылдық талдаулардың нәтижесінде вакцинаға қарсы көрсеткіштер сирек кездеседі. Реакция байқалған кезде елеусіз қызару, вакцина еккен жердің ауырсынуы, дене температурасының сәл артуы байқалуы мүмкін. Сондықтан вакцина еккеннен кейін қандай да бір реакция байқалып жатса, тез арада тұрғылықты мекен жай бойынша медицина қызметкерлеріне жүгіну не жедел жәрдем шақыру қажет.
Екпені алған соң адам 30 минут денсаулық сақтау ұйымында медицина қызметкерінің бақылауында болады. Әрі қарай емхананың учаскелік медицина қызметкерлері АКДС вакцинасын ККП еккеннен кейін 5-6, 10-11 және еккеннен кейін алғашқы 3 күн ішінде үйде бақылауды қамтамасыз етеді. Тұрғындарды өз уақытында иммундау және 95 пайыздан кем емес жоғары қамтуға жету жалпы ұжымдық иммунитетті жасауға мүмкіндік туғызады, бұл көрсеткіш неғұрлым жоғарылаған сайын соғұрлым осы және басқа да инфекциялардың таралуына жол берілмейді.
Қазіргі уақытта вакцинация жүргізудің нәтижесінде А вирусты гепатиті, В вирусты гепатиті, қызамық, қызылша, эпидемиялық паротит аурулары азайып, соңғы бес жылда дифтерия тіркелмеген. Дегенмен, соңғы кезде сәбиіне вакцина салдырудан негізсіз бас тартатын ата-аналардың көбейгені алаңдаушылық тудырып отыр.
Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесі |
Жеке тұлға тобы және профилактикалық екпелерді өткізу мерзімі |
В вирусты гепатиті |
Жаңа туылған сәбилер бастапқы 12 сағатта, 1 және 4 айлық жастағы балалар |
Туберкулез |
Жаңа туылған сәбилер 3-5-і күні, туберкулез ауруына қауіпті тобындағы 6 жастағы балалар |
Пневмококк инфекциясы |
2, 4 жастағы және 12-15 айлық балалар |
Дифтерия, сіреспе, көкжөтел |
2, 3, 4, 18 айлық балалар, 6 жас |
Полиомиелит |
2, 3, 4, 12-15, 18 айлық балалар |
Гемофильді инфекция |
2, 3, 4, 18 айлық балалар |
Қызамық, эпидемиялық паротит, қызылша |
12-15 айлық және 6 жастағы балалар |
Дифтерия және сіреспе |
6 жастағы балалар, 16 жас, ересектерде 26 жас және 66 жасқа дейін әрбір кейінгі 10 жылда |
Дифтерия |
11 жастағы балалар |
Тұмау |
6 айлық балалар және ересектер |
Оқи отырыңыз: Қазақстанда жаппай вакцинация басталды. Екпе салдыру кімдерге қауіпті?
№1. Екпе салдыру не үшін керек?
Бұл емдік шара кезінде ағзаға аздаған мөлшерде вакцина енгізіледі. Ол ағзаға зиян келтіретін белгілі бір инфекцияларға қарсы антидене тудыруы тиіс. Осының арқасында ағзада аталмыш ауруға төтеп бере алатын иммунитет қалыптасады. Әрбір вакцинаның қатаң тәртібі, қолданылу уақыты, қолдануға болмайтын жағдайлары және енгізу жолдары (ауызға, бұлшық ет ішіне, тері астына және тері ішіне) бар. Вакцинация антиделердің қалыптасу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ асқынуларға жол бермеуге ықпалын тигізеді. Екпені енгізгеннен 5-6 күннен кейін, антиденелер өңделеді,саны тез өседі, сонымен 20-22 тәулікте егуден кейін максималды саныны жетеді.
№2. Сәбидің дүниеге келген алғашқы күнінен бастап екпе салу дұрыс па?
Сәбидің қанына анасының жүктілігі кезінде құрсағынан антиденелер енеді. Сондықтан бала туылған сәттен бастап (гепатит В және туберкулез дертінен) екпе жасатқан жөн, өйткені сәби бұл инфекциялардан мүлде қорғаусыз дүниеге келеді. Басқа жағдайларда, мысалы, туғаннан кейін 6-12 ай өткеннен кейін қызылша мен қызамық ауруларына антиденелердің концентрациясы азаяды. Сондықтан балаға 12 айдан бастап қызылша мен қызамық ауруларынан екпені егу керек. Вакцинация қаншалықты ерте басталса, соншалықты сәби инфекциялық ауруларға шалдықпай, оның иммунитеті қалыптасады.
№3. Балаға бір күнде 2 және одан да көп екпе салуға бола ма?
Қазіргі таңда әлемдегі көптеген елдерде препараттың бір мөлшерінде бірнеше антигендер бар вакциналарды қолдануымен екпе жасау шарасына көшіп жатыр. Мұндай вакцина инъекциясын қолдану бір мезгілде бірнеше инфекцияға қарсы иммунитеттің қалыптасуына, олардың санын азайтуға мүмкіндік береді, егуге жалпы реакцияларының жиілігін азайтуға ықпалын тигізеді. Заманауи вакциналар Франция, Ұлыбритания, Бельгияда өндіріледі.
№4. Баласына екпе жасатуға ата-ана міндетті ме?
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 156-бабына сәйкес, ел аумағында тұратын жеке тұлғалар тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемінің шеңберінде инфекция мен паразитарлық ауруларға қарсы профилактикалық егулер алуға құқылы. Одан да басқа, ҚР Конституциясының 29-бабына сәйкес ел азаматтары денсаулықты қорғауға және заңмен белгіленген тәртібінде тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемін алуға құқылы. Профилактикалық егуді жасау шарты бойынша жазбаша түрде ұсынылған келіскендігі не бас тартқандығы жайлы қолхатының бар болуы танылады.
Екпелер тек жеке өзінің денсаулығы үшін ғана емес, сонымен қатар қоғам саулығы үшін іске асырылады. Ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін тұрғындарды иммунизациялауға тиісті 95% тұрғындарына екпе жасату қажет. Тұрғындарды иммунизациялауға тартудың толық қамтылмауы инфекциялық аурулар ошағының өршуіне соқтыру мүмкін. Мәселен, 1995 жылы республикада күл (дифтерия) дертінің өршу дерегі тіркелген: 1105 адам ауруға шалдығып, соның ішінен 66 көз жұмған.
Қазақстан әр азаматы тек жеке өзінің ғана денсаулығын ғана ойлап күтпей, жалпы ұлттың саулығын көздеуі керек.
№5. Батыс елдерінде екпеден баяғыда бас тартқан. Солай ма?
Қазақстанның профилактикалық егу Ұлттық күнтізбесі ДДҰ ұсыныстарына сәйкес келеді, Австрия, Израиль, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Түркия, Жапония сияқты дамыған елдердің көпшілігінде иммунизациялау күнтізбесіне ұқсайды. Қаншалықты елдің өмір сүру деңгейі жоғары, соншалықты инфекциялық ауруларға қарсы екпе жасалатын, елдердің тізбесі кең. Батысеуропалық елдердің профилактикалық егулері бойынша күнтізбелері желшешекке, ротавирусты инфекцияға, адам папилломасының вирусына қарсы қосымша вакцинациялауы қолданатындығын дәлелдейді.
Кейбір елдер профилактикалық егулері болмаса, еліне кіруге тыйым салады. АҚШ-тың, Англияның оқу орындарында оқу үшін барлық профилактикалық егулердің міндетті түрде болуын талап етеді. Сауд Аравияға кіру үшін діни парызын атқарушыларына менингококты инфекциясына қарсы, Бразилияға, Боливияға, Колумбияға, Кенияға және африкалық контитентінің өзге елдеріне бару үшін сары қызба дертінен вакцинасының болуын талап етеді.
Оқи отырыңыз: "Коронавирусты жеңудің жалғыз жолы – халыққа жаппай вакцина салу". Эпидемиолог Сәкен Әміреевтің өзекті пікірлері
№6. Мектепке немесе балабақшаға екпе жасалмаған баланы қабылдай ма?
Ата-анасының профилактикалық екпені жасатудан бас тартуы баласын ұйымдастырылған ұжымдарына балаларды қабылдаудан бас тарту себебі болып танылмайды. Инфекциялық аурулар тіркелген жағдайда, екпе жасалмаған балалар арасында ауруға шалдығу қатері өте жоғары. Осыған байланысты балалар ауруынан толық сауыққанша, балалар мекемесіне бармауы керек.
№7. "Қазіргі вакциналар құрамында уытты заттар бар, олар ағзаға елеулі зиян тигізуі мүмкін". Рас па?
Вакциналар – сол инфекцияның немесе басқа оның құрамбөлігінің (бір бөлігінің, капсуланың, геннің) немесе басқа қоздырғыштары болып табылатын, микроорганизмдерден жасалған препараттар. Бұл емшара кезінде ағзаға аздаған мөлшерде вакцина енгізіледі. Ол ағзаға зиян келтіретін белгілі бір инфекцияларға қарсы антител тудыруы тиіс. Осының арқасында ағзада аталмыш ауруға төтеп бере алатын иммунитет қалыптасады. Әрбір вакцинаның қатаң тәртібі, қолданылу уақыты, қолдануға болмайтын жағдайлары және енгізу жолдары (ауызға, бұлшық ет ішіне, тері астына және тері ішіне) бар.
Екпелер тірі және өлі (жансызға) болып бөлінеді. Вакцинаның тұрақтылығын және стерильдігін қамтамасыз ету үшін оның құрамына, антигеннен басқа, арнайы консервант заттар қосады. Ең кең таралғаны мертиолят – бактерицидті әсері бар сынаптың этил қоспасы кіреді. Вакцинаның бір мөлшерінде болатын мертиоляттың саны аса аз - 0,003-0,01% дейін жетеді. Аталмыш зат бір тәулік бойы адам ауа арқылы және тұтынған асы арқылы алатын сынап өнімінің санынан аспайды. Мертиолят ішектен бір апта ішінде шығады. Мертиолят көпмөлшерлі құтыларда шығарылатын тек вакцинада қолданылады. Қазақстанда балаларды вакцинациялау үшін аса тазартылған бірмөлшерлі құтылардағы вакциналар пайдаланылады. Тазалау процессі өндірушілерімен және жеткізілетін елдерімен бақыланады.
№8. Екпе жасатудан адамдар неге бас тартады?
Жыл сайын республика бойынша ресми түрде тіркелген діни конфессияларында екпе жасатуға тыйым салынбағандығына қарамастан, балаларына екпе жасатудан бас тартатын ата-ана саны, әсіресе көптеген жағдайда діни нанымы бойынша, көбейіп барады. Инфекциялар қайтпасқа жойылды деген жалған ұғым пайда болды. Яғни, иммунизациялау шарасына күмән қарайтын болды. Мұндай ақпараттың іс жүзінде ешқандай дәлелдемелері жоқ.
№9. Вакцина қауіпсіз бе?
Қазақстанда тұрғындарды иммунизациялау үшін Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеудің емшарасынан өткен вакциналар қолданылады. Мемлекеттік тіркеу емшарасы – күрделі көпкезеңді үрдіс және де нағыз замануи жабдығымен жабдықталған Республикалық иммунологиялық зертханасында вакциналарға қатысты зертхана бақылауы іске асырылады. Қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша егжей-тегжей талдауы жүргізіледі, қосымша заттардың тұрақтылығына, ерекшелігіне, сезгіштігіне баға беріледі. Тіркелетін вакцина үшін өндіруші-елінде мемлекеттік тіркеуінің болуы, сондай-ақ өндіруші-елінде және басқа елдерінде клиникалық қолдануы бойынша деректерінің болуы талап етіледі. Сонымен қатар, вакцинаның сапасын растау, эпидемиологиялық тиімділігінің деректері бойынша, яғни вакцинаны қолданған нәтижесінде аурушаңдық деңгейін азайтылуын растауымен талап етіледі.
Балаларды екпемен қамтамасыз ету мақсатында, вакцинаның өндірілуі ДҰҰ сертификатталған, сапасына кепіл берілген вакциналар Қазақстанда сатып алынады. Қазақстанда иммунизациялау бойынша Ұлттық консультативтік комитеті құрылғандығын, онда вакциналарды қолданудың халықаралық тәжірибесін , қолданылатын вакциналардың тиімділігін, жаңадан қолдануға енгізілген вакцинарды егжей-тегжей зерделейтін, денсаулық сақтау ісінің түрлі салаларының ғалымдары кіреді , сонымен соның нәтижесінде егу бойынша Ұлттық күнтізбесін жетілдіру бойынша мемлекеттік органға, вакциналардың тиімділігі мен қауіпсіздігінің негізінде ұсыныс жасалатындығын атап өткен жөн.
№10. Екпе жасату аутизм ауруына шалдықтыра ма?
Мұқият жүргізілген зерттеулер вакциналар аутизм ауруына шалдықтырады деген пікірді мүлдем жойды.
Өйткені, аутизм ауруының белгілері шамамен бала екі жасқа келгенде пайда болуы мүмкін, мәселен, балалар сол кезде белгілі вакциналарды енгізген сәтте, сонымен аутизмнің шығу ссебебін вакцинадан деп ойлайды, өйткені құрамында сынап, консерванттар бар.
Қазіргі таңда медицина мен ғылыми зерттеулер жүргізген тәжірибелі ғалымдар бұл пікірді жойды. Вакциналар аутизм ауруының шығуына себеп болмайтыны, мыңдаған, алуан санды зерттеушілердің қатысуымен бірнеше мемлекеттерде өткен сынақтарда дәлелденген.