Ас содасымен емделу туралы мифтер: бұл әдіс барлық дертке дауа болмай, керісінше денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін
Адамдар әр түрлі себептермен дәстүрлі емес әдістермен емделуге жүгінеді: біреулері оның шынымен көмектесетініне сенеді, біреулер фармацевтикалық компаниялар мен дәрігерлер алдайды деп есептейді. Алайда, емделудің кейбір түрлері тиімсіз ғана емес, қауіпті екенін адамдар аңғара бермейді. Олардың бірі – ас содасымен емделу туралы іnformburo.kz тарқатып жазған еді.
Ас содасын терапиялық мақсатта қолдану
Бұрын ас содасы осы мақсатта кеңінен пайдаланылды. Оны асқазан ішек жолдарының ауруын емдеуге арналған дәрі – антацид ретінде қолданатын. Антацид – асқазан қышқылының артуын бақылау және асқазан бузылуын басу ушін пайдаланылатын дәрі. Тұз қышқылы мен соданың көмірқышқыл газының бөлінуі реакция береді, ал газ асқазанның үлкеюіне әсер етеді. Салдарынан қайтадан тұз қышқылының бөлінуі басталады. Жылдам реакция керісінше әсер беріп, қышқылдар одан да көп бөліне бастайды. Сондықтан да қазір ас содасын антацид ретінде пайдаланбайды, өйткені одан да жақсы көмектесетін дәрі-дәрмектер көп.
Оқи отырыңыз: Қазақтың тұзды пайдалану мәдениеті және төсті неге күйеуге не келінге береді?
Сода ерітіндісі тамақ пен ауыз қуысын шаю үшін қолданылады: оның шамалы антисептикалық әсері ісікті басуға көмектеседі. Оның үстіне оны үй жағдайында әзірлеу оңай. Ерітіндімен ауыз қуысын шаюдың микробтардан арылуға көмегі зор. Оның орнына тұзды, йодты, түймедақ ерітіндісін, тіпті кәдімгі таза суды қолдануға болады.
Сода ерітіндісін кім, не үшін ішеді?
2014 жылы Journal of Clinical Pharmacy and Therapeutics журналында ас содасын қате қолдану туралы шолу жарияланды. Оның авторы Калифорния жүйесінің 12 жылда: (2000-2012 ж.ж.) ас содасынан уланғандар туралы хабарлаған деректерін келтірді.
Шолуда осындай 192 жағдай қарастырылған:
- Уланғандардың 55,8%-ы – 2 айдан 79 жасқа дейінгі әйелдер;
- Ең көп қолданылу себептері: 60,4%-ы – антацид ретінде, 11,5%-ы – есірткіге арналған тестен сәтті өту үшін, 4,7%-ы – зәр жолдарындағы инфекцияларды емдеу үшін;
- 55%-ы – медициналық көмекке жүгінген, 12 пациент ауруханаға жатқызылған.
Содамен емделу туралы мифтер
Интернетте ас содасын ішімдіктен, шылымнан, есірткіден арылтуға көмектеседі, бүйрек, бауыр, әйелдердің жыныс жолдарын, бас ауруын емдейді, балалардың есте сақтау қабілетін, оқу үлгерімін жақсартады, бүйрек пен бауырдағы қалдықтарды тазалайды, тіпті қатерлі ісіктерді кетіреді деп жазылған. Оның үстіне өте арзан, қолжетімді, дүкен сөрелерінде қаптап тұр. Шындығында солай көмектессе, қанекей?! Алайда, ол – барлық емге дауа боларлықтай дәрі емес және оны ішуге тіптен болмайды. Оның пайдасынан гөрі зияны көп болуы ықтимал. Төменде осылар туралы толығырақ тоқталамыз.
№1 миф. Сода қатерлі ісіктің алдын алуға, емдеуге қолданылады
Сода қатерлі ісікті емдемейді. Оны растайтын ешқандай зерттеу де жоқ. Керісінше қатерлі ісікті содамен емдеу өте қауіпті: бұл аурудың кейбір түрі химиотерапиямен тез емделеді, алайда адамдар уақытын жоғалтып алып жатады.
Оқи отырыңыз: Саба пісіп, құрт жасау қалай өзгерді? Жалған құрт-майды қалай білеміз?
Бұл өтірік әдісті онколог дәрігер Туллио Симончинидің айтуымен қолданған, өйткені интернеттегі көп сайттар соның ұсыныстарына сілтеме жасайды. Ол қатерлі ісікті Candida туындатады деген қате теориясын алға тартады. Симончини ауруларға терапияның орнына сода ерітіндісінің уколын жазып беретін болған. Осынысы үшін оған медициналық қызметпен айналысуға тыйым салды. Алайда бұл оны тоқтатқан жоқ, кейін өзінің орталығын ашып содамен емдеуін жалғастыра берді. Осындай емдеуден 27 жастағы Лука Оливотти көз жұмды. 2018 жылдың қаңтар айында Туллио Симончини қызметін тиісті деңгейде атқармай, адам өлтіргені үшін 5,5 жылға сотталды.
Қатерлі ісіктің алдын алуда соданың түк пайдасы жоқ. Қауіпті ауру клеткаларда мутациялардың жиналуынан пайда болады. Сондықтан да одан содамен емделу – ақылға симайтын әдіс.
№2 миф. Сода организмнің қышқылдануын жоюға көмектеседі: оны ағзада қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті сақтау үшін пайдалану керек
Содадан басқа да азық-түліктер ағзадағы қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Интернетте оларды қалай және қашан пайдалану ұсыныстары да толып тұр. Бұлардың ішінде көкөністердің көбі пайдалы.
Оқи отырыңыз: Ырымның жаманы болмайды. Ырымға неге сенеді?
Қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік – шындығында бар құбылыс. Ол ағза ішіндегі қышқылмен өзара байланысын көрсетеді. Оның санын бәрімізге белгілі — pH сутек көрсеткішімен есептейді. Ағзадағы әр түрлі химиялық реакциялар pH деңгейін көрсетеді, оның азаюына ағза ұлпасы сезімталдық танытады. Тіпті аз ғана өзгерістер жасушалардың жойылуына және ферменттердің жұмысының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.
Ағзадағы мұндай бұзылыстардан адам тіпті өліп кетуі мүмкін. Егер осындай құбылыс адам ішіп-жейтін азық-түліктермен бақыланса, бәрі басқаша болатын еді. Ал ағзадағы pH деңгейін бақылауға қан, тыныс алу және зәр шығару жолдарының жүйесі көмектесе алады. Осылардың бәрі ағзада өз ортасын реттеуге көмектеседі. Ал, олардың кез келгенінің қызметі бұзылса, медициналық көмекке ғана жүгіну керек.
Сода ағзадағы қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті реттеуге көмектесе алмайды, керісінше оны бұзуы мүмкін. Сілтілік заттардың жиналуы есебінен қанның pH деңгейі көтеріледі. Бұл – алкалоз деп аталады. Ол өте қауіпті және медициналық көмекті талап етеді. Өйткені оның кесірінен ми, қан тамырының қан ағысы азаяды, қан қысымы төмендейді, жүйке жүйесі қозып, сіңір тартылып, естен тану мүмкін. Ішек жұмыстары қызметін дұрыс атқармай, тыныс алу жолдарының тарылу қаупі бар.
Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: Мифы о лечении содой: почему это не панацея, а способ навредить
№3 миф. Сода арықтауға көмектеседі, ағзадағы шлактарды тазалауға көмектеседі.
Сода денсаулыққа зиян келтірмейді, арықтауға еш септігі жоқ. Оны пайдаланғаннан кейін асқазан – ішек жолдарының ауруына тап болу ғажап емес.
Ағзада шлактардың бар екені ғылыми түрде әлі дәлелденген жоқ. Ол туралы тек балама медицина саласында кеңінен айтылады. Адамда бүйрек пен бауырдың жұмысы бар: зиянды заттарды жоюға жеткілікті саналады. Егер ағзаға улану қаупі бар заттар түссе, оған медициналық көмек қажет болады.
№4 миф. Сода шылымды тастауға, ішімдік пен есірткіге тәуелділіктен құтылуға көмектеседі.
Бұларға тәуелділік физикалық, психикалық деңгейде қалыптасуы мүмкін. Физикалық тәуелділік шылым, есірткі не арақты ұзақ уақыт пайдаланудің салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда оның тиімділігін сезіну үшін дозасын ұлғайту әдетке айналады. Бас тартқан жағдайда абстиненттік (доғару) синдромы дамуы әбден мүмкін. Психикалық тәуелділік – ішімдікке (есірткі, шылымға) үйреніп кететін әуесқойлыққа әкеледі. Оған үйренген адам психикалық жайлылықты сезінеді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда сүт өндірісіне жаңа талап қойылады. "Родина" ауылынан фоторепортаж
Сода бұл тәуелділіктерден арылтуға еш көмек бере алмайды: физикалық деңгейде қауіпті затты алмастыра алмайды, оның күшін жоқ қыла алмайды, ал психикалық деңгейде жайлылыққа жете алмайды.
Зиян келтірмеудің жолы қандай?
Ас содасымен тамақты, ауыз қуысын шайып, қамырды қопсытуға болады. Ал, оны ішке қолдануға тіптен болмайды: өйткені пайдасы жоқ, керісінше денсаулыққа зияны тиюі әбден мүмкін.
Егер, оны қабылдағаннан кейін кері әсерін байқасаңыз: басыңыз ауырса, әлсіздік, бас айналу, жүрек айну, шаршау, бұлшықеттерде ауырсыну, кіші дәретке жиі бару, естен тану, талу сияқты белгілер пайда болса, міндетті түрде дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Авторы Анастасия Горбунова.
Аударған Мәншүк Шапхатқызы.