Алматыда жұма намазы қалай оқылады?
Бүгіннен бастап Алматы мешіттерінің ауласында жұма намазын оқуға рұқсат.Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің 23 сәуірдегі №16 қаулысында діни нысандардың жұмысына қатысты:
"Жеке және ұжымдық құдайға құлшылық етуге (жұма намаздары, жексенбі қызметтері) тек діни нысандар аумағында (ашық ауада) толтырылуы 50%-дан және ұзақтығы 60 минуттан артық емес, әлеуметтік қашықтықты 1,5 метрден кем емес және маскалық режимді қатаң сақтай отырып, тиісті белгілерді орнатқанда ғана рұқсат етіледі", – делінген.
Оқи отырыңыз: Жұмадағы бір садақаның сыры
Алматы мешіттерінің ауласында жұма намазын оқуға қойылатын талаптар:
- мешіт аумағында (ашық ауада) оқу;
- жамағаттың мешіт ауласында намаз оқуына жағдай жасау, антисептиктер, маскалар қою;
- мешітке міндетті түрде, бетперде тағып келу;
- дәретті барынша үйден алып келу;
- намаз оқитын жайнамаздарын үйден алып келу;
- мешіт аумағында белгілі арақашықтықты сақтау, бір-бірімен қол алыспау;
- намаз оқығанда арақашықтық 1,5 метрден жақын болмау, намазды арнайы белгіленген орында оқу;
- мешіт аумағында ұзақ уақыт қалмау;
- дене қызуы 37°-дан жоғары, сондай-ақ, тұмау және басқа да ауру белгілері бар адамдардың мешітке келмеуі;
- жасы 65-тен асқан қариялардың, балалар мен әйел кісілердің мешітке келмегені дұрыс;
- күнделікті мешіт ішіне және ауласына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу.