USD: 487.1 / 489.7
  • EUR: 565.0 / 570.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Алматыда жұма намазы қалай оқылады?

Бүгіннен бастап Алматы мешіттерінің ауласында жұма намазын оқуға рұқсат.

Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің 23 сәуірдегі №16 қаулысында діни нысандардың жұмысына қатысты:

"Жеке және ұжымдық құдайға құлшылық етуге (жұма намаздары, жексенбі қызметтері) тек діни нысандар аумағында (ашық ауада) толтырылуы 50%-дан және ұзақтығы 60 минуттан артық емес, әлеуметтік қашықтықты 1,5 метрден кем емес және маскалық режимді қатаң сақтай отырып, тиісті белгілерді орнатқанда ғана рұқсат етіледі", – делінген. 


Оқи отырыңыз: Жұмадағы бір садақаның сыры


Алматы мешіттерінің ауласында жұма намазын оқуға қойылатын талаптар: 
  • мешіт аумағында (ашық ауада) оқу; 
  • жамағаттың мешіт ауласында намаз оқуына жағдай жасау, антисептиктер, маскалар қою; 
  • мешітке міндетті түрде, бетперде тағып келу; 
  • дәретті барынша үйден алып келу; 
  • намаз оқитын жайнамаздарын үйден алып келу;
  • мешіт аумағында белгілі арақашықтықты сақтау, бір-бірімен қол алыспау; 
  • намаз оқығанда арақашықтық 1,5 метрден жақын болмау, намазды арнайы белгіленген орында оқу; 
  • мешіт аумағында ұзақ уақыт қалмау; 
  • дене қызуы 37°-дан жоғары, сондай-ақ, тұмау және басқа да ауру белгілері бар адамдардың мешітке келмеуі; 
  • жасы 65-тен асқан қариялардың, балалар мен әйел кісілердің мешітке келмегені дұрыс;
  • күнделікті мешіт ішіне және ауласына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз