18 мамыр күні ҚР Мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында, халықаралық музейлер күніне арналған "Қастеев музейіндегі түн" атты жыл сайынғы ауқымды шара өтеді.  Халықаралық ICOM музейлер кеңесінің тұжырымдамасына сәйкес биылғы іс-шараның тақырыбы – "Мұражайлардың болашағы: қалпына келтіру және жаңарту", деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.

Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты жыл сайынғы "Қастеев музейіндегі түн" мерекелік акциясының негізгі іс-шаралары online-режимде өтеді. Негізгі хабар тарату платформалары – Facebook және Youtube. Мәдени шараны мұражай сайтында қайталап көруге мүмкіндік бар. Бұл күні экспозицияларда өз көзімен көргісі келетіндер үшін мұражай әдеттегідей 10:00-ден 17:00-ге дейін ашық болады. Күні бойы мұражайға келушілер үшін кіру тегін.

Шараның арнайы шақыртылған қонағы – "Портреттер неге үнсіз?" жобасымен Республикалық неміс драма театры. Идеяның авторы және режиссері – Наташа Дубс.

"Музейдегі түн" – бұл Қастеев музейінде жыл сайын 18 мамырда өтетін бірегей көркем-мәдени оқиға. 2016 жылдан бастап жобаның өзіндік маскоты – бойтұмар кейіпкері, "Қастеев музейіндегі түннің" барлық оқиғаларына қатысатын, іс-шараның логотипі бар. 

"Қастеев музейіндегі түн" – алматылықтардың мәдени тынығуына арналған сүйікті орыны ғана емес, сондай-ақ жыл сайын 5000-нан 7000-ға дейін көрермен келетін ірі өнер фестивалі. Жыл сайынғы акцияға біздің тұрақты серіктестерімізбен бірге жаңа шығармашылық ұжымдар қосылады. Биылғы жылы "Қастеев музейінің түніне" online-келушілерді жоба үшін арнайы түсірілген қызықты онлайн іс-шаралар мен бейне қойылымдар күтеді: "Tribal Pro" би шоуы, "Империя танца" балет мектебі, би мектебі GAMI, С. Червяков пантомима театры, "Джайли Танико" би студиясы мен Республикалық неміс драмалық театры", – деп хабарлады министрлікте.


Оқи отырыңыз: Ұлытауда "Жошы хан" тарихи-мәдени кешені ашылады


Сонымен қатар, танымдық бағдарлама да жоспарланған, онда музейдің әлеуметтік желілерінің жазылушылары музей залдары бойынша виртуалдық экскурсияларға қатыса алады. Негізгі хабар тарату алаңдары – Facebook және YouTube.

Іс-шараның алдын-ала кестесі:

Оnline-формат: сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін – Facebook ресми парақшасында және Youtube арнасында белгіленген уақыт ішінде 10-нан 15 минутқа дейінгі аралықта зияткерлік бағдарламалар мен ойын-сауық шараларының бейне-контентін ұсыну.

"Қастеев музейіндегі түн 2021" плей-парақшасына тікелей сілтеме осы жерде.

Ofline-формат: сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, кіру тегін. Ойын-сауық іс-шаралары жоспарланбаған.