Керемет іс-шара online форматта өтеді, бірақ мұражайға да келіп тамашалауға мүмкіндік бар.
18 мамыр күні ҚР Мемлекеттік Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында, халықаралық музейлер күніне арналған "Қастеев музейіндегі түн" атты жыл сайынғы ауқымды шара өтеді. Халықаралық ICOM музейлер кеңесінің тұжырымдамасына сәйкес биылғы іс-шараның тақырыбы – "Мұражайлардың болашағы: қалпына келтіру және жаңарту", деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
Эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты жыл сайынғы "Қастеев музейіндегі түн" мерекелік акциясының негізгі іс-шаралары online-режимде өтеді. Негізгі хабар тарату платформалары – Facebook және Youtube. Мәдени шараны мұражай сайтында қайталап көруге мүмкіндік бар. Бұл күні экспозицияларда өз көзімен көргісі келетіндер үшін мұражай әдеттегідей 10:00-ден 17:00-ге дейін ашық болады. Күні бойы мұражайға келушілер үшін кіру тегін.
Шараның арнайы шақыртылған қонағы – "Портреттер неге үнсіз?" жобасымен Республикалық неміс драма театры. Идеяның авторы және режиссері – Наташа Дубс.
"Музейдегі түн" – бұл Қастеев музейінде жыл сайын 18 мамырда өтетін бірегей көркем-мәдени оқиға. 2016 жылдан бастап жобаның өзіндік маскоты – бойтұмар кейіпкері, "Қастеев музейіндегі түннің" барлық оқиғаларына қатысатын, іс-шараның логотипі бар.
"Қастеев музейіндегі түн" – алматылықтардың мәдени тынығуына арналған сүйікті орыны ғана емес, сондай-ақ жыл сайын 5000-нан 7000-ға дейін көрермен келетін ірі өнер фестивалі. Жыл сайынғы акцияға біздің тұрақты серіктестерімізбен бірге жаңа шығармашылық ұжымдар қосылады. Биылғы жылы "Қастеев музейінің түніне" online-келушілерді жоба үшін арнайы түсірілген қызықты онлайн іс-шаралар мен бейне қойылымдар күтеді: "Tribal Pro" би шоуы, "Империя танца" балет мектебі, би мектебі GAMI, С. Червяков пантомима театры, "Джайли Танико" би студиясы мен Республикалық неміс драмалық театры", – деп хабарлады министрлікте.
Оқи отырыңыз: Ұлытауда "Жошы хан" тарихи-мәдени кешені ашылады
Сонымен қатар, танымдық бағдарлама да жоспарланған, онда музейдің әлеуметтік желілерінің жазылушылары музей залдары бойынша виртуалдық экскурсияларға қатыса алады. Негізгі хабар тарату алаңдары – Facebook және YouTube.
Іс-шараның алдын-ала кестесі:
Оnline-формат: сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін – Facebook ресми парақшасында және Youtube арнасында белгіленген уақыт ішінде 10-нан 15 минутқа дейінгі аралықта зияткерлік бағдарламалар мен ойын-сауық шараларының бейне-контентін ұсыну.
"Қастеев музейіндегі түн 2021" плей-парақшасына тікелей сілтеме осы жерде.
Ofline-формат: сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін, кіру тегін. Ойын-сауық іс-шаралары жоспарланбаған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-