Алматыда 17 мамырдан бастап Жібек Жолы көшесінде ақылы автотұрақ жұмыс істейді
Автотұрақ Желтоқсан даңғылы мен Амангелді көшесі арасында орналасқан.Алматыда Жібек жолы көшесінде 17 мамырда ақылы тұрақ жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды A-Parking.
Ол Желтоқсан даңғылы мен Амангелді көшесі арасындағы аймақта жұмысын бастайды. Тұрақ аймағы – 1002. Мұнда 61 тұрақ орыны, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бес орын бар.
Оқи отырыңыз: Алматыда паркинг бағасы қымбаттауы мүмкін. Тұраққа төленген 100 теңге неге жұмсалады?
"Сейфуллин даңғылынан Желтоқсан даңғылына дейінгі бөлігі көше қайта жаңартылғаннан кейін іске қосылады. Амангелді көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі бөлігі жаңа ақылы автотұраққа айналады", – делінген хабарламада.