Алматы әкімдігі 35 жасқа дейінгі жастардан "Алматы жастары 3.0" бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие бойынша тұрғын үй сатып алуға өтініштер мен құжаттарды қайта қабылдағанын хабарлады. Бағдарламаға қатысқысы келетін үміткерлер құжаттарды 2020 жылғы 22 маусым мен 6 шілде аралығында өткізуі тиіс.

Бағдарлама шарттарынан бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің Алматы қаласында тұрақты тіркеуі болуы міндеттелген талап алынып тасталды. Бұған дейін аталмыш бағдарламаға қатысуға өтініш берген, алайда қалада тұрақты тіркеуде болмауына байланысты жолдама ала алмаған азаматтардың өтініштері енді қайта қаралады.

Бағдарламаға қатысуға өтінімді almaty-zhastary.kz сайтында беруге болады. Тіркеу электрондық цифрлық қолтаңбада арқылы өтеді.

Оқи отырыңыз: "Алматы жастары 3.0" тұрғын үй бағдарламасының шарттары қандай?

Бағдарлама бойынша несиелендіру шарттары:

  • қарыздың ең жоғарғы сомасы – 13 млн теңгеге дейін;
  • пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • бастапқы жарна – 10%;
  • жаңа және екінші нарықтағы баспананы алу мүмкіндігі;
  • қамту – 1000 адам (2020 жылғы 2 наурыздан 16 мамырға дейін өтініш берген азаматтарды есепке алғанда).

Оқи отырыңыз: "5-10-20" жаңа тұрғын үй бағдарламасы. Артықшылықтары мен шарттары қандай?

Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:

  • Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда), өтініш беру кезінде, жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (бар болса). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;
  • Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша алынған отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлес немесе жалға берілетін тұрғын үй, бұған: жекешелендіру немесе мұрагерлік құқығы нәтижесінде бағдарламаға қатысушы немесе кәмелетке толғанға дейін отбасы мүшелері алған жылжымайтын мүліктегі үлесті және жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда;
  • Қатысушының ресми жұмыс өтілі келесі санаттар бойынша Алматы қаласында кем дегенде соңғы 6 ай, міндетті зейнетақы мөлшерлемесімен болу қажет: денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала;
  • Қосымша Алматы қаласында тіркелген, жарты жылдан кем емес мерзімде әрекет ететін ЖК (бар болса) (аталған талап, мәдениет саласындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған қатысушыларға ғана қатысты).