"Алматы жастары" бағдарламасы бойынша жолдама алған 500 үміткердің тізімі жарияланды
Жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасына 9 741 өтініш түскен.2021 жылы 10 наурыз бен 31 наурыз аралығында "Алматы жастары" жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасына 9 741 өтініш келіп түсті. Алғашқы 500 үміткерге тұрғын үй алуға жолдама берілді. Келесі 500 үміткер тізімі бір аптадан соң шығады. Бағдарлама қатысушылары жолдама алған-алмағанын almaty-zhastary.kz сайтынан немесе жеке кабинетке кіріп біле алады.
Тұрғын үй алуға жолдама берілген өтініштер:
- денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінен – 100;
- білім беру – 100;
- мәдениет – 40;
- спорт – 30;
- ЖОО және ҒЗИ қызметкерлері – 40;
- БАҚ – 34;
- әлеуметтік сала – 30;
- құқық қорғау органдары – 126.