Алматы бойынша Санитарлық-эпидемиялық бақылау комитетінің төрағасы Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, қалада "үнділік штамм" белгілері бар мутациясының болуы ықтимал. 

"(Штамның) айналымба болу ықтималдығы анықталды. Толық геномды секвенирлеу үшін қосымша уақыт қажет", – деп атап өтті ол. 

21 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейінің күрт өсуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі КВИ жұқтырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингін өткізді. Скрининг нәтижелері бойынша "Дельта" штамына ("үнділік" штамм) тән мутацияға күдікті жағдай анықталды, деп хабарлаған болатын Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия.


Оқи отырыңыз: Тұмау және бастың ауруы. Коронавирустың "үнділік штамының" белгілері қандай?