Тікелей эфир

Тұмау және бастың ауруы. Коронавирустың "үнділік штамының" белгілері қандай?

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирустың "үнділік штамм" белгілері бар мутациясы анықталғанын хабарлады.

Коронавирустың "үнділік штамы" ресми түрде "Дельта" аталады. Ол Covid-19-дың бүгінге дейін анықталған өзге штамдарына қарағанда тез таралу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Бұл қауіпті штамның ерекшелігі туралы BBC Russian қызметі материал дайындап, сақтық шараларын күшейту қажеттігін ескертті. 

Коронавирустың жиі кездесетін белгілері:

  • жөтел;
  • жоғары температура;
  • иіс пен дәмнің жоғалуы

"Үнділік" штамм симптомдарына сай, бұл тізім толыға түседі:

  • бас ауруы;
  • тамақтың жыбырлауы;
  • мұрыннан судың әдеттегіден мол ағуы.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирустың "үнділік штамм" белгілері бар мутациясы анықталды


Бұл жерде барлық жаңа симптомдарды коронавирусқа тән басқа белгілермен бірге қарастырған жөн екенін ескеру қажет. Өйткені, олардың әрқайсының себебі мүлдем басқа болуы мүмкін. Сонымен, шөп безгегімен ауыратын адамдарға әдетте тамақтың жыбырлауы жақсы таныс. Оларда мұрыннан қатты су ағып, бас ауруы мүмкін. Алайда мұның себебі гүлденуден, негізінен шөптерден туындаған маусымдық аллергия болуы ықтимал және дәл маусым айында байқалатын жайт. 

Коронавирустың жоғарыда тізбектелген симптомдарына келер болсақ, ғалымдар мұны Delta нұсқасына қатысты болуы мүмкін дейді. Zoe Covid Symptom зерттеуінің авторы, профессор Тим Спектор Delta нұсқасын жұқтырған жастар мұны жай тұмау деп ойлауы мүмкін екенін айтады. 

Науқастардың өзі қолайсыздықты онша сезбесе де, олар өте жұқпалы және басқалардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан мамандар жоғарыда көрсетілген белгілері бар адамдарға ПТР-талдау жасауды ұсынады. Профессор Спектор коронавирустың классикалық белгілері бүгінде сирек кездеседі деген қорытындыға келді.


Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы вакцина салу. Не білу қажет?


Тим Спектор жаңа штамның басқаша екенін айтады. Адамдар өздерін қандай да бір маусымдық тұмаумен ауыратындай сезінуі мүмкін. Сөйтеді де адамдармен қарым-қатынасын тоқтатпай оларға да жұқтыруы мүкін. Ал бұл үлкен проблема тудырады.

"Сіз жас болсаңыз, онда сізде әлсіз белгілер пайда болады. Бұл сізге жай тұмау немесе аздап әлсіздік сияқты көрінуі мүмкін. Сонда да сіз үйіңізден шықпаңыз және коронавирусты анықтайтын тест жасатыңыз", – дейді профессор.

Лондон Империал колледжі жүргізген React study зерттеуі Англияда миллионнан астам адамды қамтыды. Зерттеуде классикалық симптомдардан басқа қалтырау, тәбеттің төмендеуі және бұлшықет ауыруы қосылғаны көрсетілген. Ресми ұсынымдарында коронавирустың ең негізгі белгілері деп әдеттегідей келесілерді атайды: 
  • жаңа тұрақты жөтел;
  • жоғары температура;
  • дәмнің, иістің жоғалуы немесе өзгеруі.
Серіктестер жаңалықтары