Алдағы үш күнде Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр жауады, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығыс тауларында бұл жауын түнгі уақытта қарға ауысуы мүмкін, деп хабарлайды"Қазгидромет".

"Тек Ақтөбе және Қызылорда облыстарында антициклон тармағының әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтілуде. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман болатыны болжамданады", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы "Жастар" саябағында ағаш екті


Түндер суық, кей жерлерде аяз болады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында түнгі уақытта термометр бағаналары +1...+3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, ал Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында -1...-8 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.