Алдағы үш күнге ауа райы: Елдің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады

Фото: Informburo
Фото: Informburo
Тек Ақтөбе және Қызылорда облыстарында антициклон тармағының әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Алдағы үш күнде Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр жауады, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығыс тауларында бұл жауын түнгі уақытта қарға ауысуы мүмкін, деп хабарлайды"Қазгидромет".

"Тек Ақтөбе және Қызылорда облыстарында антициклон тармағының әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтілуде. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман болатыны болжамданады", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы "Жастар" саябағында ағаш екті


Түндер суық, кей жерлерде аяз болады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында түнгі уақытта термометр бағаналары +1...+3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, ал Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында -1...-8 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз