7 қазанда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 92 адам тіркелді
7 қазан қорытындысы |
Науқастар 108 454 |
Сауыққандар 103 604 |
Көз жұмғандар 1 746 (04 қазан) |
Нұр-Сұлтан | 14153 | 13650 | 317 |
Алматы | 14419 | 14107 | 275 |
Шымкент | 5195 | 5025 | 71 |
Ақмола облысы | 3510 | 3281 | 77 |
Ақтөбе облысы | 3253 | 3201 | 35 |
Алматы облысы | 4989 | 4795 | 62 |
Атырау облысы | 11120 | 10594 | 69 |
ШҚО | 8868 | 8385 | 188 |
Жамбыл облысы | 4132 | 4058 | 61 |
БҚО | 6874 | 6747 | 110 |
Қарағанды облысы | 10322 | 9856 | 279 |
Қостанай облысы | 3505 | 2928 | 20 |
Қызылорда облысы | 3245 | 3117 | 15 |
Маңғыстау облысы | 3346 | 2794 | 43 |
Павлодар облысы | 3966 | 3795 | 56 |
СҚО | 4169 | 3921 | 22 |
Түркістан облысы | 3388 | 3328 | 46 |
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 92 адам тіркелді.
Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
- Шығыс Қазақстан облысы – 19;
- Алматы – 10.
Республика бойынша барлығы 108 454 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 103 604.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 756-ға жетті.
1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 34 143 адам ауырып, 362 науқас көз жұмған (7 қазанда тіркелген науқас саны – 266, көз жұмғандар – 1).
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 094 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 70 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 898 науқас жатыр. 1 196 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 87 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес
Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.