4 қыркүйек қорытындысы

Науқастар

106 225

Сауыққандар

99 018

Көз жұмғандар

1 588 (31 тамыз)

Нұр-Сұлтан 13879 13473 306
Алматы 14262 13677 265
Шымкент 5180 4498 62
Ақмола облысы 3415 3102 71
Ақтөбе облысы 3223 3018 35
Алматы облысы 4903 4617 49
Атырау облысы 10947 10313 58
ШҚО 8262 8003 150
Жамбыл облысы 4096 3569 56
БҚО 6771 6210 97
Қарағанды облысы 10134 9519 264
Қостанай облысы 3428 2874 12
Қызылорда облысы 3231 3101 12
Маңғыстау облысы 3334 2612 40
Павлодар облысы 3849 3361 48
СҚО 3976 3915 19
Түркістан облысы 3335 3156 44

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 104 адам (ауру белгілері барлар – 57, жоқтар – 47) тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 19;
  • Нұр-Сұлтан – 15.

Республика бойынша барлығы 106 225 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 99 018.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 618-ге жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 27 200 адам ауырып, 310 науқас көз жұмған (4 қыркүйекте тіркелген науқас саны – 397, көз жұмғандар – 5).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 589 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 29 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 839 науқас жатыр. 2 750 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 148 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 16 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 25 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы

Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.