4 тамызда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1 062 адам тіркелді
4 тамыз қорытындысы |
Науқастар 94 882 |
Сауыққандар 67 031 |
Көз жұмғандар 1 058 (2 тамыз) |
Нұр-Сұлтан | 12134 | 9253 | 234 |
Алматы | 12640 | 7640 | 164 |
Шымкент | 5025 | 3357 | 39 |
Ақмола облысы | 2859 | 2183 | 46 |
Ақтөбе облысы | 3072 | 1489 | 28 |
Алматы облысы | 4513 | 3559 | 26 |
Атырау облысы | 10421 | 7504 | 29 |
ШҚО | 6856 | 5112 | 66 |
Жамбыл облысы | 3724 | 3019 | 50 |
БҚО | 6049 | 5250 | 48 |
Қарағанды облысы | 8988 | 5522 | 186 |
Қостанай облысы | 2908 | 2221 | 11 |
Қызылорда облысы | 3096 | 2232 | 8 |
Маңғыстау облысы | 2995 | 2214 | 38 |
Павлодар облысы | 3405 | 2038 | 28 |
СҚО | 3325 | 2157 | 16 |
Түркістан облысы | 2872 | 2281 | 41 |
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 062 адам (ауру белгілері барлар – 569, жоқтар – 493) тіркелді.
Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
- Нұр-Сұлтан – 210;
- Алматы – 176;
- Шығыс Қазақстан облысы – 122;
- Қарағанды облысы – 92.
Республика бойынша барлығы 94 882 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 67 031.
4 тамызда Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 091-ге жеткенін мәлімдеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, 1-4 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 8 054 адам ауырып, 86 науқас көз жұмған (4 тамызда тіркелген науқас саны – 1 799, көз жұмғандар – 17).
Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес
Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.