30 тамыз қорытындысы

Науқастар

105 795

Сауыққандар

96297

Көз жұмғандар

1 523 (25 тамыз)

Нұр-Сұлтан 13822 12867 303
Алматы 14222 12908 252
Шымкент 5174 4442 61
Ақмола облысы 3386 3046 67
Ақтөбе облысы 3218 2998 35
Алматы облысы 4894 4597 43
Атырау облысы 10916 10258 48
ШҚО 8181 7882 138
Жамбыл облысы 4081 3569 55
БҚО 6749 6091 94
Қарағанды облысы 10086 9473 259
Қостанай облысы 3408 2848 12
Қызылорда облысы 3231 3064 10
Маңғыстау облысы 3334 2612 40
Павлодар облысы 3834 2864 43
СҚО 3940 3697 19
Түркістан облысы 3319 3082 44

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 111 адам (ауру белгілері барлар – 60, жоқтар – 51) тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 20;
  • Қарағанды облысы – 19.

Республика бойынша барлығы 105 795 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 96 297.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 588-ге жетті.

1-30 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 25 714 адам ауырып, 290 науқас көз жұмған (30 тамызда тіркелген науқас саны – 56, көз жұмғандар – 6).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 910 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 32 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 755 науқас жатыр. 4 155 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 201 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы

Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.