26 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 64 адам тіркелді
26 қыркүйек қорытындысы |
Науқастар 107 723 |
Сауыққандар 102 666 |
Көз жұмғандар 1 699 (22 қыркүйек) |
Нұр-Сұлтан | 14074 | 13640 | 314 |
Алматы | 14370 | 14087 | 272 |
Шымкент | 5188 | 4676 | 67 |
Ақмола облысы | 3480 | 3250 | 77 |
Ақтөбе облысы | 3242 | 3140 | 35 |
Алматы облысы | 4959 | 4793 | 62 |
Атырау облысы | 11076 | 10519 | 65 |
ШҚО | 8678 | 8385 | 170 |
Жамбыл облысы | 4124 | 4047 | 59 |
БҚО | 6854 | 6746 | 106 |
Қарағанды облысы | 10255 | 9779 | 275 |
Қостанай облысы | 3481 | 2914 | 17 |
Қызылорда облысы | 3242 | 3102 | 15 |
Маңғыстау облысы | 3340 | 2612 | 42 |
Павлодар облысы | 3905 | 3750 | 56 |
СҚО | 4081 | 3919 | 21 |
Түркістан облысы | 3374 | 3307 | 46 |
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 64 адам тіркелді.
Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
- Шығыс Қазақстан облысы – 17;
- Нұр-Сұлтан – 10.
Республика бойынша барлығы 107 723 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 102 666.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 722-ге жетті.
1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 32 452 адам ауырып, 349 науқас көз жұмған (26 қыркүйекте тіркелген науқас саны – 229, көз жұмғандар – 2).
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 335 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 45 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 808 науқас жатыр. 1 527 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 91 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес
Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.