23 тамыз қорытындысы

Науқастар

104 718

Сауыққандар

92 598

Көз жұмғандар

1 415 (17 тамыз)

Нұр-Сұлтан 13738 12468 287
Алматы 14084 12591 220
Шымкент 5165 4379 53
Ақмола облысы 3331 2971 61
Ақтөбе облысы 3199 2970 35
Алматы облысы 4875 4581 41
Атырау облысы 10833 10120 45
ШҚО 8007 7056 121
Жамбыл облысы 4057 3541 53
БҚО 6690 5824 86
Қарағанды облысы 9958 8882 254
Қостанай облысы 3346 2762 11
Қызылорда облысы 3227 2983 9
Маңғыстау облысы 3315 2612 39
Павлодар облысы 3777 2682 37
СҚО 3861 3222 19
Түркістан облысы 3255 2954 44

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 175 адам (ауру белгілері барлар – 107, жоқтар – 68) тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 28;
  • Қарағанды облысы – 20.

Республика бойынша барлығы 104 718 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 92 598.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 523-ке жетті.

1-23 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 22 744 адам ауырып, 258 науқас көз жұмған (23 тамызда тіркелген науқас саны – 84, көз жұмғандар – 2).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 10 597 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 52 өскіншек бала бар. Стационарларда 5 673 науқас жатыр. 4 924 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 309 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 70 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 50 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы

Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.