13 тамызда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 476 адам тіркелді
13 тамыз қорытындысы |
Науқастар 101 848 |
Сауыққандар 78 633 |
Көз жұмғандар 1 269 (10 тамыз) |
Нұр-Сұлтан | 13452 | 10186 | 267 |
Алматы | 13742 | 9947 | 195 |
Шымкент | 5135 | 4285 | 47 |
Ақмола облысы | 3172 | 2487 | 55 |
Ақтөбе облысы | 3143 | 2427 | 31 |
Алматы облысы | 4782 | 4113 | 34 |
Атырау облысы | 10673 | 8691 | 35 |
ШҚО | 7622 | 6237 | 94 |
Жамбыл облысы | 3963 | 3252 | 51 |
БҚО | 6482 | 5492 | 71 |
Қарағанды облысы | 9675 | 5884 | 241 |
Қостанай облысы | 3195 | 2651 | 11 |
Қызылорда облысы | 3207 | 2808 | 8 |
Маңғыстау облысы | 3220 | 2453 | 39 |
Павлодар облысы | 3610 | 2460 | 31 |
СҚО | 3671 | 2549 | 17 |
Түркістан облысы | 3105 | 2711 | 42 |
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 476 адам (ауру белгілері барлар – 292, жоқтар – 184) тіркелді.
Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
- Шығыс Қазақстан облысы – 97:
- Нұр-Сұлтан – 66.
- Қарағанды облысы – 44;
- Алматы – 40.
Республика бойынша барлығы 101 848 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 78 633.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 356-ға жетті.
1-13 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 16 666 адам ауырып, 198 науқас көз жұмған (13 тамызда тіркелген науқас саны – 934, көз жұмғандар – 10).
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 21 859 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 104 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 738 науқас жатыр. 18 121 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 420 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 103 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 80 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес
Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.