13 қазан қорытындысы

Науқастар

108 984

Сауыққандар

104 346

Көз жұмғандар

1 768 (11 қазан)

Нұр-Сұлтан 14213 13667 317
Алматы 14473 14141 275
Шымкент 5207 5129 71
Ақмола облысы 3537 3310 77
Ақтөбе облысы 3258 3206 35
Алматы облысы 4999 4799 62
Атырау облысы 11162 10799 69
ШҚО 8954 8385 206
Жамбыл облысы 4147 4068 61
БҚО 6894 6765 110
Қарағанды облысы 10363 9906 279
Қостанай облысы 3527 2942 21
Қызылорда облысы 3245 3117 15
Маңғыстау облысы 3363 3043 44
Павлодар облысы 4004 3807 56
СҚО 4243 3931 24
Түркістан облысы 3395 3331 46

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 83 адам тіркелді.

Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:

  • Солтүстік Қазақстан облымы – 12;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 11.

Республика бойынша барлығы 108 984 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 104 346.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 776-ға жетті.

1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 35 234 адам ауырып, 373 науқас көз жұмған (13 қазанда тіркелген науқас саны – 321, көз жұмғандар – 3).

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 862 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 88 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 073 науқас жатыр. 789 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 79 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес


Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының инфографикасы

Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.