11 қазанда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 74 адам тіркелді
11 қазан қорытындысы |
Науқастар 108 831 |
Сауыққандар 104 041 |
Көз жұмғандар 1 746 (04 қазан) |
Нұр-Сұлтан | 14203 | 13651 | 317 |
Алматы | 14454 | 14137 | 275 |
Шымкент | 5203 | 5108 | 71 |
Ақмола облысы | 3526 | 3310 | 77 |
Ақтөбе облысы | 3257 | 3206 | 35 |
Алматы облысы | 4995 | 4795 | 62 |
Атырау облысы | 11145 | 10698 | 69 |
ШҚО | 8932 | 8385 | 188 |
Жамбыл облысы | 4143 | 4058 | 61 |
БҚО | 6885 | 6747 | 110 |
Қарағанды облысы | 10351 | 9886 | 279 |
Қостанай облысы | 3519 | 2935 | 20 |
Қызылорда облысы | 3245 | 3117 | 15 |
Маңғыстау облысы | 3362 | 2954 | 43 |
Павлодар облысы | 3998 | 3802 | 56 |
СҚО | 4219 | 3921 | 22 |
Түркістан облысы | 3394 | 3331 | 46 |
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 74 адам тіркелді.
Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
- Шығыс Қазақстан облысы – 11;
- Солтүстік Қазақстан облымы – 11.
Республика бойынша барлығы 108 831 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 104 041.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 768-ге жетті.
1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен 34 909 адам ауырып, 368 науқас көз жұмған (11 қазанда тіркелген науқас саны – 34, көз жұмғандар – 1).
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 022 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 72 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 030 науқас жатыр. 992 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 84 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр" делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Коронавируспен үй жағдайында қалай күресуге болады? Сізге арналған 8 кеңес
Қазақстанда алғаш коронавирус анықталғаннан бергі әр күннің хронологиясын мына сілтеме арқылы өтіп оқуға болады.