USD: 467.5 / 470.3
  • EUR: 544.5 / 549.5
  • RUB: 6.23 / 6.35
Прямой эфир
Алматы +19C
Все города

Жасанды интеллект еңбек нарығында қандай мүмкіндіктерге жол ашады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
2030 жылға қарай жасанды интеллектінің әлем экономикасына қосатын үлесі 15 трлн доллардан асуы мүмкін.

Еңбек министрлігінің алдағы 10 жыл ішінде жасанды интеллектіні енгізу салдарынан 400 мыңға дейін адам жұмысынан айырылуы мүмкін деген мәлімдемесі – Қазақстан үшін маңызды сигнал.

Бұл еңбек нарығы мен ел экономикасы үшін нені білдіреді? Бұл туралы Qazaq Expert Club сарапшысы, қаржыгер Саида Тілеуленова түсіндіріп берді.

"Бүгінде Қазақстан экономикасында шамамен 9,8 млн адам жұмыспен қамтылған. 400 мың жұмыс орнының қысқаруы – елдегі жалпы жұмыспен қамтудың шамамен 4%-ы, ал еңбек нарығы үшін бұл айтарлықтай көрсеткіш", – дейді сарапшы.

Сонымен қатар, оның айтуынша, жасанды интеллект Қазақстан экономикасы үшін тек тәуекел ғана емес, өсу әлеуетін де алып келеді. PwC бағалауы бойынша, ЖИ-дің әлемдік экономикаға қосатын үлесі 2030 жылға қарай $15 трлн-нан асуы мүмкін.

Ұзақ мерзімді перспективами ЖИ еңбек өнімділігін арттырудың негізгі факторларының біріне айналуы мүмкін, ал бұл Қазақстан экономикасының басты құрылымдық мәселелерінің бірі болып отыр.

Бизнес үшін ЖИ енгізу операциялық шығындарды азайтуды, процестерді жеделдетуді, аналитика сапасын арттыруды және ресурстарды тиімді басқаруды білдіреді.

Бұл әсіресе банк секторы, логистика, тау-кен өнеркәсібі, сауда және мемлекеттік басқару үшін маңызды. Artificial Intelligence Құжат айналымы мен күнделікті операцияларды ішінара автоматтандырудың өзі, Саида Тілеуленованың пікірінше, бизнес пен мемлекетке жыл сайын жүздеген миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.

"ЖИ экономиканы "көлеңкеден шығарудың" драйверіне де айналуы мүмкін. Процестер неғұрлым цифрлық форматқа көшсе, сыбайлас жемқорлыққа, көлеңкелі схемаларға және адами факторға орын соғұрлым аз қалады. Мемлекет үшін бұл салық түсімдерінің артуын және бюджеттік шығындардың тиімділігін білдіреді", – дейді қаржыгер.

Сарапшы ЖИ-дің мемлекеттік секторға әсерін де ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан дәстүрлі түрде жоғары әкімшілік шығындар мәселесіне тап болып келеді, ал мемлекеттік қызметтерді, аналитиканы және деректерді өңдеуді автоматтандыру бюрократияны қысқартып, шешім қабылдауды жеделдетіп, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыра алады.

"Сонымен қатар, ЖИ жаңа салалар мен мамандықтардың пайда болуына негіз бола алады", – деп есептейді қаржыгер.

Қазірдің өзінде бүкіл әлемде деректерді талдау, киберқауіпсіздік, ЖИ шешімдерін әзірлеу, цифрлық инфрақұрылым және бизнес-процестерді автоматтандыру саласындағы мамандарға сұраныс қарқынды өсіп келеді.

"Егер Қазақстан білім беру және кадр даярлау жүйесін уақытында бейімдей алса, ел технологияларды тек тұтынушы емес, өңірдегі жаңа цифрлық экономиканың бір бөлігіне айналу мүмкіндігіне ие болады", – деп атап өтті сарапшы.

Макроэкономикалық тұрғыдан алғанда, жасанды интеллектке тез бейімделетін елдер қосымша бәсекелік артықшылыққа ие болады. Қазақстан үшін бұл әсіресе маңызды, өйткені экономиканың шикізаттық моделі біртіндеп жылдам өсім әлеуетін сарқып келеді.

"Жасанды интеллект технологиялық әрі әртараптандырылған экономикаға көшу құралдарының біріне айналуы мүмкін. Бірақ бұл үшін технологияларды енгізу жылдамдығы ғана емес, экономика мен білім беру жүйесінің осы өзгерістерге бейімделу қабілеті де маңызды", – деп қорытындылады Саида Тілеуленова.

Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

Популярное в нашем Telegram-канале

Новости партнёров

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Введите номер телефона

Опишите причину обращения