Азаматтық белсенді Рустем Ашетаев Қазақстанға инвесторлар тартатын реформаларды ертерек жасамаса, экономика құлдырай түседі деп санайды.
Бір жылы күзде мақта жинау науқаны басталған шақта біздегі мақтаны сатып алу ниетімен Ресейден біраз кәсіпкер келген. Олардың ұсынған бағалары жергілікті мақта зауыттарының бағасынан 5-6 есе жоғары болатын. Шаруалар мұндай ұсынысты қуана қабылдап, мақталарын соларға өткізбек болып әрекеттене бастағанда бұл іске біздегі "мақта бизнесінің" қожайындары араласып, әлгі шетелдік кәсіпкерлерді қуып жіберген. Сөйтсек, мәселе былай екен.
Шаруалардың көктемгі егіс науқанына әлгі мақта зауыты сияқты "сала бизнесінің қожайындары" қарызға қаржы береді. Күзде сол қаржысын "бизнес қожайындары" өздері белгілеген бағамен заттай алады екен. Яғни, шаруалар өнімін "қожайындар" белгілеген бағамен өткізу арқылы құтылады. Қарызынан артылған өніміне сатып алушы іздеп сандалмасы тағы белгілі. Сондықтан, барлық өнімін соларға өткізуге "ерікті түрде" мәжбүр болады. Бұл – шағын кәсіпкерлікті "кең тұсаумен" матап ұстау емес пе? Дәл солай!
Ал мұндай жүйенің жұмыс жасауына мемлекеттік саясат мүмкіндік беріп отыр.
Ауыл шаруашылығымен айналысатын шағын кәсіпкерлерге еркін тыныстауға қажетті деңгейде мүмкіндік берілмей отыр.
Оқи отырыңыз: Қазақстан экономикасының тоқырауы және одан шығар жол
Мақта мәселесін тек мысал ретінде келтіріп отырмын. Әсілінде, өзге салалардың да осындай реформалау керек тұстары жеткілікті.
Еркін сауда айналымын жасап, шетелдің қаржысын инвесторлар арқылы тікелей шаруалардың қалтасына түсіретін реформалар жасамасақ, ауыл шаруашылығын "делдал гиганттар" арқылы дамыту мүмкін емес.
Менің көзқарасымда бұл салаға үкіметтің бақылауын, ықпал ету тетіктерін азайту керек. Шетелдік инвесторларды тарту бойынша үлкен жетістікке жеткен Қытайды мысалға алайық.
Қытай шетелдік капиталды тарту және тауарлар мен қызметтер нарығында өзін сәтті көрсеткен 10 елдің қатарына кіреді. Мемлекеттің араласуын шектеуге қарсы болатындарға Қытайдың еркін саудаға көшкен алғашқы 5 жылдығының статистикасына көз жүгіртуді ұсынамын.
Қытай экономикасына шетелдік инвестиция тарту
1990 жылдары Қытайдың халықаралық саясатындағы маңызды үрдістердің бірі – ел экономикасына шетелдік инвесторлар тарту болып табылады. Бұл процестің дамуына:
- тарифтер мен сауда туралы Бас келісім (ГАТТ) шеңберінде келіссөздердің "Уругвай раундының" аяқталуы;
- Дүниежүзілік сауда ұйымын (ДСҰ) құру;
- Солтүстік Американың еркін сауда туралы НАФТА келісіміне қол қоюы;
- Бірыңғай еуропалық нарық құру ықпал етеді.
Нәтижесінде 1990 жылдары өтпелі экономикасы бар елдер арасында Қытай айқын көшбасшы болды.
Мәселен, егер 1990 жылы Қытай экспорт көлемі бойынша әлемде 10-орын және импорт көлемі бойынша 11-орын алса, 2000 жылдардың басында Қытай экспорт бойынша 5-орынға және импорт бойынша 6-орынға көтерілді.
2001 жылдың қараша айында Қытай Дүние жүзілік сауда ұйымына мүше болды. Осыған байланысты көптеген сарапшылар Қытайдың экспорт көлемінің төмендеуі мүмкін деп болжады. Әсіресе Дүние жүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін Қытай ұйым ережелеріне сәйкес, өз өнімдерін осы ұйымға қатысушы басқа елдерге экспорттауға бірқатар шектеулер қабылдауға және экспорттық өнімдерді өндіруге субсидия беруден бас тартуға мәжбүр болды.
Оқи отырыңыз: Заманауи технология биігінен қарасақ Қазақстанда егіншілік "ат арба" кезеңінде қалып қойған
Осыған байланысты Қытай экономикасында құлдырау болады деген болжамдар көп айтылған. Алайда, Қытайдың Дүние жүзілік сауда ұйымына кіруі шетелдік инвестициялардың ішкі экономикаға ағымын сақтауға мүмкіндік берді.
2001 жылы ДСҰ-ға кіргеннен кейін ҚХР экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері келесідей мәндерге ие болды:
Жалпы ішкі өнім
- 2001 жыл – 9 731,5 млрд юань;
- 2002 жыл – 10 517 млрд юань;
- 2003 жыл – 11 690 млрд юань;
- 2004 жыл – 15 988 млрд юань;
- 2005 жыл – 18 232 млрд юань.
Сыртқы сауда
- 2001 жыл – 509,6 млрд доллар;
- 2002 жыл – 620,8 млрд доллар;
- 2003 жыл – 851 млрд доллар;
- 2004 жыл – 1,155 трлн доллар;
- 2005 жыл – 1,422 трлн доллар.
Экспорт көлемі
- 2001 жыл – 266,1 млрд доллар;
- 2002 жыл – 325,6 млрд доллар;
- 2003 жыл – 438,2 млрд доллар;
- 2004 жыл – 593,4 млрд доллар;
- 2005 жыл – 762 млрд доллар.
Елге кірген ипорттық тауарлар көлемі
- 2001 жыл – 243,5 млрд доллар;
- 2002 жыл – 295,2 млрд доллар;
- 2003 жыл – 412,8 млрд доллар;
- 2004 жыл – 561,4 млрд доллар;
- 2005 жыл – 660,1 млрд доллар.
Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі
- 2001 жыл – 46,9 млрд доллар;
- 2002 жыл – 52,7 млрд доллар;
- 2003 жыл – 53,5 млрд доллар;
- 2004 жыл – 60,3 млрд доллар;
- 2005 жыл – 60,6 млрд доллар.
Алтын-валюта қорының көлемі
- 2001 жыл – 212,2 млрд доллар;
- 2002 жыл – 286,4 млрд доллар;
- 2003 жыл – 403,2 млрд доллар;
- 2004 жыл – 609,9 млрд доллар;
- 2005 жыл – 818,9 млрд доллар.
Оқи отырыңыз: Қазақстан экономикасы: бүгіні мен болашағы.Қазақстан экономикасының ұлттық моделі қандай
Бүгінгі таңда Қытай тікелей шетелдік инвестициялардың ең көп көлеміне ие санаулы елдердің бірі. Тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды салалары:
- Ғылымды көп керек ететін өндіріс;
- Жылжымайтын мүлік индустриясы;
- Көтерме және бөлшек сауда, жалдау және бизнес қызметтері.
Тікелей шетелдік инвестицияларды тартуда трансұлттық корпорациялар маңызды рөл атқаратынын атап өткен жөн.
Шетелдік инвестициялардың көп бөлігі Қытайдың шығыс бөлігінде. Мұнда инвестициялау көлемі елдегі іс жүзінде пайдаланылған шетелдік инвестициялардың жалпы көлемінің шамамен 86,25 пайызын құрайды. Қытай қазірдің өзінде трансұлттық кәсіпорындардың кірісінің ең маңызды көзіне айналды.
Қазіргі уақытта Қытайда тартылған шетелдік капиталы бар кәсіпорындардың үштен екісі оң теңгерімге қол жеткізді. Шамамен бестен екісі Қытайда әлемдегі орташа кірістен көп табыс табады.
Тауар айналымының жалпы көлемінен экспорттың жалпы көлемі 57,8 пайызға, импорттың жалпы көлемі 57,1 пайызға жетті. Шетелдік инвестициялары бар кәсіпорындарға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту Қытайдың экономикалық дамуын ынталандырып қана қоймай, шетелдік инвесторларға да үлкен мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да тікелей шетелдік инвестицияларды тарту маңызды рөл атқарады деп болжанып отыр.
Қорытынды ой
Соңғы пандемиялық дағдарыста "Еуразиялық одақ", "Кедендік одақ", "Одақтық еркін сауда айналымы", тағысын-тағы "одақтар" бізге ешқандай да пайдасын берген жоқ. Тым құрығанда көктемде шаруалардың қырыққабаттарының да Ресейге еркін өтуін реттей алмай, өзінің ешқандай қауқары жоқ одақ екендерін көрсетті. Сол уақытта шаруалардың өнімдерін өткізуіне (шамамен мың тонна) біраз көмек көрсеткендіктен бұл мәселені толық білемін. Әсіресе біздің шаруалар Өзбекстанның көліктерін жалдап, осы елдің өнімі деген құжаттар жасап, сыртқа шығаруға мәжбүр болғаны қорлықпен тең болды.
Сондықтан Қазақстанға инвесторлар тартатын реформаларды ертерек жасамасақ, күн өткен сайын экономикамыз құлдырай беруі мүмкін.
(Материал автордың рұқсатымен Facebook желісіндегі парақшасынан алынып, жарияланды)
Популярное в нашем Telegram-канале
-
1🎉 Группа Orda, ансамбль "Яшлык" и V$XV Prince. Как интересно провести выходные 23 и 24 ноября в Астане и Алматы
- 5729
- 1
- 6
-
2⚠️ Доброе утро! Предлагаем обзор главных новостей за 20 ноября
- 2540
- 0
- 5
-
3🍇 В модном винограде без косточек казахстанские специалисты не нашли вредных бактерий
- 2652
- 3
- 23
-
4🤔 Борьба с покупкой водительских прав: автошколы отказываются передавать частной компании данные о выпускниках
- 2351
- 2
- 28
-
5👀 В Казахстане редко назначают домашний арест, несмотря на большие расходы на содержание в СИЗО
- 2231
- 2
- 10
-
6👨⚖️👨⚖️👨⚖️🟢Суд Алматы отправил руководителя таможенной лаборатории в колонию за взятки
- 2223
- 0
- 25
-
7🎫✈️ Станут ли невозвратные билеты возвратными и зачем субсидировать авиарейсы – глава КГА
- 2292
- 0
- 12
-
8😱 Одного из богатейших людей мира обвинили во взяточничестве. Акции его компаний обвалились
- 2344
- 3
- 15
-
9🟢 Улице в Астане присвоили имя общественного деятеля
- 2272
- 2
- 48
-
10🚛🏗 Торговля и логистика в Центральной Азии: новые коридоры, продукты и D2C-модель
- 2262
- 0
- 6