Отандық саясаттағы соңғы үрдістерді біреуіміз үмітпен, біреуіміз секеммен қабылдап отырмыз. Әркімнің өз қиысыны бар. Алайда ортақ тұжырымға келу мүмкін бе?
Байқасаңыздар, еліміздегі ахуалды жағымды жағынан көрсету үшін ресми тарап түрлі айла-тәсілдерге жүгінуге әуес. Айталық, бізден де жалақысы мен зейнетақысы төмен Африка елдеріне қараңыз дейді. Бізден де адамдардың саяси бостандықтары шектелген мысалдарды Азиядан іздейді. Сол арқылы жағдайыңыз жаман емес, соны қанағат тұтыңыз дегенге келтіреді.
Бірақ Қазақстан әлгі азып-тозған елдердің емес, дамыған да өркениетті 30 елдің қатарына ұмтылып отыр ғой. Ендеше мемлекет өз әлеуметтік стандарттарын неліктен Америка, Германия иә Жапониямен салыстармайды? Рас, кейде аталған елдерді де үкімет еске алады. Мәселен, Қазақстанда жанар-жағар майдың иә коммуналды төлемдердің бағасы кезекті рет шарықтағанда мысалға әлгі Германия мен Жапонияда одан да қымбат деген дәйек-сымақ келтіріледі. Тек немістер мен жапондардың жалақысы біздегіден сегіз-он есе асып түсітені айтылмайды.
Аталғанның бәрі қоғамдық пікірді адастырып өз дегеніне иландыруға келіп саяды. Кезінде отандық телеарналардың бірінде авторлық бағдарлама жүргізгенде арна басшылығы оның мазмұнына араласып түрлі талаптар қоя бастады (ақыры бұл жобадан кетуге мәжбүр болдым). Соның бірі: халықаралық шолу барысында міндетті түрде басқа елдерде саяси шиленіс немесе соғыс болып жатқаны, сонымен қатар экономикалық дағдарыс көрсетілсін. Мақсат сол баяғы: көрермендердің санасында бізден де нашар күн кешкендер бар екен-ау деген пікір ұялату. Сол арқылы қоғамда жүргізіліп отырған саясатқа оң болмаса да, түсіністік пен сабырлыққа негізділген көзқарас қалыптастыруға тырысу. Бұдан ары саясатқа араласпаңдар, бұның арты тұрақтылыққа нұқсан келтіреді, мінгескен кемемізді шайқап, батырып тынады дегенге ұласады.
Бірақ жоғарыдан айтылғанның бәріне көз жұма сенгендіктің заманы өтіп барады. Халық оянып келеді, күн өткен сайын оның талабы күшейіп жатыр. Бос уәде мен жайма-шуақ заманның орнауын әлі де күте тұрыңдар сыңайдағы мәлімдемелердің кредиті бітуге таянған. Айтылғанға жер-жерде үдеп бара жатқан жастардың, көпбалалы аналардың, мұнайшылардың, басқа да әлеуметтік топтардың наразылық шаралары дәлел болып табылады.
Рас, қоғам біртіндеп оянып келеді. Бірақ осы үрдіс қаншалықты қарқын алған және бастысы – ертелі ме кеш пе орын алмақ саяси өзгерістер қаншалықты өркениетті түрде жүрмек?
Алдыңғы кезекте бұл биліктің жауапкершілігіндегі мәселелер болып табылады. Өйткені мемлекеттегі бар саяси һәм ұйымдастырушылық әлеует, күштік мекемелер мен сот, қаржылық, ақпараттық, басқа да тетіктер биліктің қолында шоғырланған. Сөз болып отырғаны, шынайы саяси реформаларға, әділ сайлауларға, тәуелсіз баспасөзге, митинг пен шеру бостандығына жол беру. Онсыз қандай да алға басу мүмкін емес екендігін Ақорда да мойындап отыр. Бұл ретте оның тарапынан үміт артар бастамалар көтіріліп отырғанын жоққа шығара алмаймыз. Мәселе – уәде етілген игі мақсаттарға жан біте ме әлде олары әдеттегідей сөз жүзінде қала бере ме?
Өзімізден де бар
Күмән де, кедергілер де жеткілікті. Біріншіден, кез-келген жаңашылдыққа биліктегі керітартпа күштер қарсыласатыны бар. Бұрынғы өткен идеологияда өсіп-өніп ескіше әрекеттенуге дағдыланған ондай күштер реформаларды жақтырмайтыны өз алдына, оларды өзінің жеке басына төнген қауіп ретінде қабылдайды. Сондықтан шамасы келгенше ескі заманды сақтап қалуға тырысып бағады. Осындай өткелдерден көптеген халықтар өзінің табандылығы мен ерік-жігерінің арқасында өтті. Бірақ ескіліктің құрсауынан босай алмағандар да аз емес.
Екіншіден, Қазақстанның демократия жолымен жүргенін жекелеген көрші державалар еш қаламайды. Бұны кезіндегі Еуроодаққа ұмтылған Украинаға Ресейдің келтірген залалынан көруге болады. Себебі маңызды шешімдерді жабық есік жағдайында қабалдайтын елдерді өз дегеніне бағындыру әлде-қайда оңай. Жалпы, авторитарлық елдердің қоршауында отырып демократияға аяқ басудың өзі аса қиын шаруа. Халықаралық тәжірибеде ондай мысалдар сирек кездеседі. Мәселен, белгілі дәрежеде кезінде Прибалтика республикалары өркениеттік таңдау жасағанда Еуропалық Одаққа жақын орналасуы тиісті реформалардың сәтті жүруіне қолғабыс болды.
Үшіншіден, оппозицияның арасында биліктің еш сөзіне сенуге, еш бастамасына еруге болмайды сынды түсінік кең тараған. Ауызы талай рет күйген, опық жеген осындай ойдағы белсенділерді әбден түсінуге болады. Десе де екі арада диалог болмаса, орын алған түйткілдердің жалғыз жолы ретінде күш қолдану қалса не болмақ. Іс насырға шапса, оның арты гүлденуге емес, күйзеліске, әділдікке емес бас басына би болған анархияға ұрындырмайтынына кім кепіл?
Қазақстан қоғамының өзінде де демократияға сұраныс болғанымен, әлжуаздық, сенімсіздік басым. Ғасыр жарым отаршылдық пен тоталитаризмнен соң қарапайым халықтың басқаша ойлауы мүмкін де емес шығар. Рас, бүгінде азаматтардың саясаттың қыр-сырын түсінуге ұмтылысы, өміріндегі түрлі олқылықтарды саясатпен байланыстыра бастағаны анық. Алайда бұдан кейінгі екінші қадамға баруға көпшілік дайын емес. Көпшілік жұрт митингке шыққанның иә болмаса сайлау кезінде белсенділік танытқанның ертеңіне әділ қоғам орнай қалады деп ойлайды. Демократия төзімділік пен бірбеткейлікті талап ететін ұзақмерзімді күрес екенін ұғынғысы келмейді. Енді біреулер саясатпен саясаткерлер, оппозиция айналыссын, менің шатағым жоқ, менің дауысым түк шешпейді, мен кішкентай адаммын деген ұстанымнан ары кетпейді.
Осындай сипаттағы кемшіліктердің тізімін жалғастыра беруге болады. Бірақ қазірдің өзінде билік көтеріп отырған игі бастамаларға түрткі болғаны ең алдымен қоғамның өзі – оның ояна бастағаны, мүләйімсіп өтінудің орнына өз хұқығы мен жауапкершілігін сезініп саналы түрде талап қоюының арқасы. Ендігі міндет – бірінші белестен өтіп екіншісіне тап болғанда мүдіріп қалмау, өзара реніш пен айып тағуға бой ұсынбай, қайта қадамын нықтай түсу. Әлбетте аталған жүкті жекелеген ғана топтар көтеріп кетуі неғайбыл. Тек қоғамның басым бөлігі ат салысқанда барып шешілетін мәселе бұл. Ал ол үшін тиісті алғышарттар әлдеқашан пісіп-жетілді.
Сөз болып отырғаны әркім шама-шарқынша ортақ іске өз үлесін тигізіп қалуы жайында. Мейлі онысы ұсақ жемқорлық бола ма, төменгі дәрежедегі шендінің шектен шығуы бола ма. Ал енді қазір екінің бірі смартфонға ие екенін, әлеуметтік желілірге жазылғанын ескерсе жалғыздың шаңы шықпас дегеннің өзі шартты ұғымға айналғанан білдіреді. Айналып келгенде әділ қоғам орнату, ұлттық болмысты жаңғырту әркімнің өз жауапкершілігін сезінуінен басталады.
Таяуда солтүстік өңірлердің бірінде болдым. Мұндағы қазақтың санының едәуір артқаны қуантты. Әсіресе жастар көп. Дүкен, банк, басқа да қоғамдық мекемелерде отырғандар негізінен қазақтар. Десе де сол қандасқа қазақша сұрақ қойғанда не өтініш білдіргенде оннан оны орысша жауап берді. Бұларың қалай, ұят қайда десем, "Ну, понимаем, но..." деп міңгірлейді. Айтпағым, көптеген нәрсе өзімізден – бойымыздағы немқұрайлық, әлжуаздық, намыссыздықтан. Әйтпесе өз елімізде көпшілік бола отырып, заң біздің жағымызда болса да, өз тіліңде сөйлеуге кім кедергі? Сан сапаға қашан айналады?
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1🏃📱 Одному из участников ночного забега в Астане подарят iPhone 15 Pro
- 6244
- 0
- 18
-
2🎉 Группа Orda, ансамбль "Яшлык" и V$XV Prince. Как интересно провести выходные 23 и 24 ноября в Астане и Алматы
- 4168
- 1
- 6
-
3🟢 Лицензирование детских садов введут в Казахстане с 2027 года
- 2390
- 3
- 18
-
4👨⚕️ Пациенту ампутировали ногу по вине врача: хирург избежал реального срока в ЗКО
- 2419
- 2
- 39
-
5🟢 Премию Михаила Дорофеева вручили основателю проекта Protenge Джамиле Маричевой
- 2494
- 0
- 8
-
6🟪 Ерлан Карин: Число вышедших из казахстанского гражданства с 2019 уменьшилось более чем в 16 раз
- 2386
- 6
- 103
-
7🛍Казахстанцы не стали реже запрашивать потребительские займы после введения новых ограничений по кредитованию
- 2500
- 0
- 9
-
8🌡Прогноз погоды на 21 ноября: метель и гололёд ожидаются на севере и востоке Казахстана
- 2610
- 0
- 5
-
9🆕🆕🆕🆕 Таразский университет использовали для фиктивной регистрации мигрантов
- 2353
- 1
- 16
-
10💬💬 "Мать была на работе..." О гибели четырёх детей при пожаре в Астане
- 2316
- 2
- 26